Жұмыс барысы: 1 Кеппешөп даналарынан симбиоздық жолмен тіршілік ететін өсімдіктермен танысу
2 Тамырларында түйнекшелі бактериялар жиналатын бұршақ тұқымдастардың өкілдерімен (жоңышқа, беде, бөрі бұршақ) танысу
3 Эктотрофты (сыртқы) микоризалы тамырлары бар ағаш тектестердің (қарағай, қайың, көк терек т.б.); эндотрофты микоризаны (ішкі) шөп тектес өсімдіктердің, тамырынан мысалы сүйсіннің (ятрышник), ал экто-эндотрофты микоризаны -, ағаш, бұта және кейбір шөп тектестерден (орхид тұқымдастардың өкілдерінен тауып қарау; олардың гифтерін (жіп шумақтарын) аталған өсімдіктердің тамырларынан (топырағымен бірге жанама тамырларын қазып алып), бір-біріне пайда келтіретін екі организмнің гүлді өсімдікпен саңырауқұлақтың бірлесіп (селбесіп) тіршілік ететініне көз жеткізіп, мұқият қарау.
4 Лабароториялық сабақта талдау жасау үшін тақырыпқа байланысты жиналған өсімдіктердің жанама тамырларын топырағымен бірге (түйіншек бактериялы бұршақ тұқымдастарды, микоризалы тамырлы) және паразитті, жартылай паразитті өсімдіктерді иелерімен қоса жазып алып, жан-жақты зерттеп, биоморфологиялық сипаттама беру.
5 Симбиоздық (селбестік) жолмен тіршілік ететін тамырларында түйнекшелі бактериялар жиналатын бұршақ тұқымдастардың өкілдерінің (жоңышқа, беде, бөрі бұршақ т.б.) жанама тамырларындағы тамыр түйнекшелерін лупа арқылы қарап, суретін салу.
6 Микоризаны (эктотрофты) немесе саңырауқұлақты тамырлары бар ағаш тектестердің (қарағайдың, қайыңның көк теректің және шөптектестердің (эндотрофты) микоризалы тамырларын (бүлдіргеннің, сүйсіннің) бинокулярлық лупамен мұқият қарап, гифтерінің суретін салу.
Қажетті материалдар: Микроскоп, лупа, симбиоздық (селбестік) өсімдіктерінің кеппешөптері, анықтағыш кітап
Әдебиеттер тізімі: 6,71-78 бет
Пысықтау сұрақтары: 1 Микориза дегеніміз не?
2 Симбиоздык (селбестік) жолмен тіршілік ететін өсімдіктерді атаңыз?
8 тақырып Паразиттік және жартылай паразиттік өсімдіктер Мақсаты: - паразиттік және жартылай паразиттік өсімдіктермен танысу
- жартылай паразиттердің ерекшеліктерімен танысып, биоэкологиялық сипаттама беру