Фитоценоз, биоценез, биогеоценоз жєне экосистема туралы т‰сініктер



бет5/51
Дата17.10.2023
өлшемі0,85 Mb.
#117552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
abf bio uch pos region floristika sultangazina (1)

Әдебиеттер тізімі: Н.М.Мухитдинов Геоботаника негіздері 17-19 б.
Пысықтау сұрақтары:
1 Раункиер тіршілік формалар классификация негізінде не жатады?
2 И.Серебряковтың тіршілік формалар классификация негізінде не жатады?


4 тақырып Фитоценоз туралы түсініктер
Мақсаты:
- фитоценоз туралы түсінік жасау
- биогеоценоз туралы түсінік жасау
- экосистема жөнінде ұғым беру
Жоспар:
1 Фитоценология - фитоценоздар туралы ғылым
2 Биоценоз. Биогеоценоз
3 Экосистема

1 Өсімдіктер табиғатта жекелеп өспей бір-бірімен әр түрлі дәрежеде күрделі байланысып қауым құрады. Орман, батпақ, егіс даласы, бауша, парк – бұлардың барлығы өсіміктер қауымы, немесе фитоценоз /гректің Phyton - өсімдік, koinos-жалпы/ деп аталады, олардың әрқайсысының құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар. Өсімдіктер қауымдарының құрылу заңдылықтарын білу – оларды қорғаудың, өнімділігін арттырудың және ғылыми түрде дұрыс пайдаланудың негізі болып табылады. Өсімдік қауымының тіршілік заңдылықтарын арнайы ғылым фитоценология /фитоценоз және гректің logos – ілім/ зерттейді. Геоботаника өсімдіктер жабыны туралы ілім, ал өсімдіктер жабыны фитоценоздардан тұрады. сондықтан А.П.Шенников /1964/ «Геоботаника» және «Фитоценология» терминдерін синонимдер деп қарайды.


Сонымен фитоценология – фитоценоздар туралы ғылым. Фитоценоз немесе өсімдіктер қауымы дегеніміз біршама біркелкі учаскедегі белгіл бір флоралық құрамы бар ортамен және өзара белгілі қарым-қатынасы бар өсімдіктер тобы. Олардың өздеріне тән құрлысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдермен бірге белгілі бір жағдайда өмір сүре алатын түрлерден құрылған.
Фитоценоз ашық биолгиялық жүйе, ол өзінен жоғары реттегі жүйелерге оның бір тармағы есебінде қатыса алады. Фитоценоз, зооценоз және микробоценозбен бірге биоценоз құрады. Биоценоз /гректің био - өмір, койнос – жалпы/ дегеніміз тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі болып келетін учаскеде мекендейтін жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер бірлестігі. «Биоценоз» термині 1877 жылы Кильск университетінің профессоры К. Мебиустың жұмысында бірінші рет қолданылды /Федоров, Остроумов, 1984/.
Биоценоз абиотикалық немесе сыртық ортадағы бейорганикалық компоненттермен /жер бедері, температура, ылғалдылық, атмосфералық ауа қысымы, топырақтың физико-химиялық құрамы және т.б./ бірге биогеоценоз құрады.
Бейорганикалық немесе өлі компоненттерді бір сөзбен экотоп деп атауға болады.
Биогеоеноз /гректің био - өмір, гео – жер және ценоз – жалпы/ дегеніміз зат алмасуы және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен өлі компоненттерді біріктіретін күрделі табиғи жүйе.
Биогеоценоз туралы түсінікті ғылымға енгізген В.Н. Сукачев /1940/. Биогеоценз экотоптан және биоценоздан тұрады. Экотоптың өзі климатопқа /аэротоп/ және эдафотопқа /жердің қатты қабығындағы жағдай/ бөлінеді. Биоценоз жоғарыда айтылғандай фитоценоздан, зооценоздан және микробоценоздан тұрады. Ғылыми әдебиетте мағынасы жағынан биогеоценозға жақын кейбір ұғымдар бар. Олардың ішінен экосистеманы атап өткен жөн.
Экосистема /гректің Dicos – үй, орын және система – жүйе/ - тірі организмдердің бірлестігінен және олардың тіршілік ортасынан тұратын функциональдық жүйе. Бір фитоценоз ішінде /шекарасында/ экосистема мен биогеоценоз бір-біріне дәл келеді. Фитоценоздың шекарасынан жоғары не төмен болса онда биогеоценоз және экосистема бір-біріне дәл келмейді. Практика жүзінде экосистема термині масштабы жағынан өте кішкентай мысалы, аквариум немесе космос кораблі және өте үлкен /мысалы Каспий теңізі/ объектілерге қатысты қолданыла береді. Экосистема терминінің авторы ағылшын экологы А.Тэнсли /1935/.
Барлық экосистемаларды үш топқа бөлуге болады:
1/ бөлектенген жүйелер қоршаған ортамен энергияда, материяда алмаспайды /жасанды экспериментальдық экосистемалар/;
2/ жабық жүйелер, қоршаған ортамен тек энергия айырбастайды /мысалы, космос корабльдері және станциялары экосистемасы/;
3/ ашық экосистемалар қоршаған ортамен энергия және зат айырбастайды. Ашық экосистемалар классификациясы толық жасалып бітті деп айтуға әлі ерте. Б.А.Быковтың /1988/ пікірі бойынша ашық экосистемалардың ең басты элементі биотаның автотрофтық бөлігі болып табылады, сондықтан экосистемалар классификациясын өсімдіктер классификациясын негізге алып жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет