Әдебиеттер тізімі: 1, 100-115 бет
Пысықтау сұрақтары:
1 Өнімділік дегеніміз не?
2 Фитоценоздардың биологиялық өнімділігі дегеніміз не?
Зертханалық жұмыстардың әдістемелікнұсқаулары 1 тақырып Қарағайлы орман Мақсаты: - қарағайлы орманда кездесетін өсімдіктермен таньгсу
- қарағайлы орман өсімдіктеріне биоморфологиялық сипаттама жасау
- қарағайдың даму циклімен танысу
Жалпы түсінік Қарағайлы орманның негізгі тұқым құраушы түріне кәдімгі қарағай мен арша жатады. Қарағай жалан тұқымдылардың ішінде кеңінен тараған, қылқан жапырақтылар класының өкілі. Оның басқа есімдіктер мен салыстырғанда өсу ортасына, яғни топыракка, қоятын талабы темен, ол құмды құрғақ, тау-тасты жерлерде тіршілік ете алады, бірақ жарық сүйгіш өсімдік. Сабағының сыртын қалың қатпарлы қыртыс жауып, сыртқы ортаның әр түрлі жағымсыз жағдайларынан (ыстықтан, аяздан, аңызғақ ыстық желден т.б.) сақтап тұрады. Қарағайдың сабағы моноподиалдық жолмен бұтақтанады, биіктігі 40 м. Негізгі сабағында шоқтанған бұтақтар пайда болып, жыл сайын буын түзеді. Қарағайдың жасыл осы негізгі сабақтағы (діңді, немесе осьте) пайда болған буындардың санына байланысты, яғни төменнен жоғары, санап анықтайды. Жанама бұтақтарындағы қысқарған өркендерде екі-екіден қылқандары орналасады. Қылқандар әрбір 3-4 жылда бір рет түсіп, жаңадан пайда болып отырады. Төменде бірінші пайда болған жанама бұтақтар жарықтың нашар түсуіне байланысты қурап, өліп отырады. Сондықтан қарағайлы орманда орманның басқа түрлерімен, мысалы аралас орманмен, салыстарғанда жарық мол болады. Ескеретін жағдай, кейде тұқымынан өсіп келе жатқан балашық қарағайлар өсу ортасында жарық жетіспесе, өліп қалады. Қарағайлы орманның топырағының ерекшелігі, топырақтың үстіңгі бетін күзде түскен қылқандар қураған бұтақтар мен басқа өсімдіктердің жапырақтары, бүрлер қалың төсеніш қабат құрап жауып жатады. Нәтижесінде, топырақ бетіне түскен қарағайдың т.б, өсімдіктердің тұқымдары, былтырғы жылда қыстап қалған өскіндер төсеніш қабаттын астында қатты аяздан, желден т.б. жағымсыз сыртқы орта жағдайларынан сақталып тұрады. Бұдан басқа, қалың жеңіл төсеніш қабат топырақта ылғалдың, жылудың ұзақ сақталуына, тұқымның өңгіштік қабілетінің жойылмауына және өскіннің алғашқы нағыз жапырақтарының қатты қабыршақсыз топырақ бетін кедергісіз тесіп шығып, өсіп дамуына көмектеседі.
Қарағайлы орманда, басқа ағаш тектестермен салыстырғанда, қарағай басым ал басқалардан қайың, көк терек кездеседі. Бұта тектестен шамалы түрде және өзіндік ярус құрмай итмұрын (шиповник), тобылғы (таволга), долана (боярышник), цара ырғай (кизилъник), үшцат (жимолостъ) және арша (можжеведьник) кездеседі. Шөптесін өсімдіктер қарағайлы орманда оқта-текте кездескенімен, түр жағынан әр түрлі болып келеді. Мысалы: қоңырбас (тонконог), бетеге (овсяница), боз кілем (очиток), қоян от (молодило), пршатыр (ястребинка), мысық табан (кошачья лапка), бөдене шөп (вероника), ип тау шаткалдарында - мыңжапырак, жусан т.б. кездеседі.
Қарағайлы орманда көп жылдық шөптесін өсімдіктерден жиі кездесетін: шатыр шөп (порезник) және тасшүйгін (патриния), бұдан басқа кейбір ылғалды жерлерінде қырыққулақ және мүктерден көкек зығыры кездеседі.
Жұмыс барысы: 1 Қарағайлы орманның жарық көп түсетін және ашық, құрғақ жерлерінде кездесетін өсімдіктермен, олардың өсу ортасымен танысып биоморфологиялық сипаттама жасау; қарағайдың даму циклімен танысу. Суккулентті өсімдіктермен: қоян от (Sempervivum),, боз кілем (Sedum) және мәңгі жасыл өсімдіктер - қарағай (Pinus) мен дөңгелек жапырақты алмұрт шөп (Pyrola rotundifolia),басқа ксерофиттерден: тасшүйгін (Patrinia), мысықтабан (Anlennaria) т.б. танысу.