Фитоценоз, биоценез, биогеоценоз жєне экосистема туралы т‰сініктер



бет31/52
Дата07.01.2022
өлшемі291,55 Kb.
#18518
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Әдебиеттер тізімі: 1, 44-49 бет

Пысықтау сұрақтары:

1 өсімдіктердің жеке дамуының кезеңдері

2 Көпжылдық өсімдіктердің тіршілік циклдары

15 тақырып Фитоценоздардың өнімділігі

Мақсаты:

- биологиялык өнімділіктін түрлерімен таныстыру

- фитоценоздардың қызметтерінің негізгі ерекшеліктерін қарастыру

Жоспар:

1Фитоценоздың биологиялық өнімділіктерін сипаттау


Сабаққа дайындалуга әдістемелік нұсқау

Өнімділік дегеніміз тірі организмдердің органикалық жасау, консервілеу және өзгерту қабілеттілігі. Органикалық заттардын жасалуы және өзгеруі жиынтығын, энергияның сініріп әртүрлі дәрежедеұйымдастырылган био - жане экосистемалардан өтуін өнім процессі деп атайды . Биологиялық өнім дегеніміз фотосинтез және хемосинтез процессі кезінде организмдердің продуценттердің күн сәулесі энергиясын сіңіріп органикалық затты жинау қарқындылығы. Ол органикалық заттарды сосын қоректік зат есебінде консументтер немесе редуценттер пайдаланады. Өнімділіктің екі түрін ажыратады: бірінші - органикалық заттарды автотрофтар жасайды, екінші -органикалық заттарды гетеротрофтар жасайды; Органикалық затты өндіруді төрт сатыға бөледі:

1) жалпы бірінші өнім фотосинтез-процесінде құралған органикалық; зат мөлшері.

2) таза бірінші өнім - өсімдіктердің тыныс алуына жұмсалғанынан қалған органикалық зат мөлшері.

3) шын таза бірінші өнім (органикалық заттын жиналу жылдамдығы , одан есептеу кезеңіндегі гетеротрофтардың пайдаланғанын және опадты-үзіліп түскен өсімдік бөлшектерін алып тастау керек .

4) екінші өнім (органикалык заттың гетеротрофты организмдердегі жасалуы).

Биологиялық өнім белгілі бір аудан мөлшерінде , белгілі бір уақытта синтезделген органикалық заттьщ мөлшерімен керсетіледі .

Сонымен жалпы бірінші өнім (ӨЖ) -өсімдіктер қауымының белгілі бір аудандағы (гектар.м ) белгілі бір уақытта (жыл,вегетациялық маусым, тәулік) құралган таза бірінші өнімге (Өт) өсімдіктердің демалуына жұмсалған (Өд),үзіліп түскен бөлшектерін (опад -Оо) және гетеротрофтар пайдаланғанын (Өг) қосқандағы фитомассаның кебеюі. Жоғарыда айтылған өнімділік көрсеткіштерін мынадай формуламен көрсетуге болады : Өж=Өт+Өд+Өо+Өг.

Фитоценоздардың биологиялық өнімділіктерін сипаттау үшін көптеген терминдер ұсынылды. Фитоценоздардың бұл көрсеткішін зерттеу үшін олардың фитомассасын анықтау керек. Фитомасса құрамына өсімдіктердің тірі және өлі мүшелері кіреді.

Өсімдіктердің өлі мүшелері мысалы ағаштар мен бұталардың бұтақтары, өлген тамырлар басқалары тірі өсімдіктермен байланысын сақтауы немесе жер бетіне үзіліп түсуі мүмкін. Өсімдіктердін әр-түрлі мүшелері жер бетіне түскен жағдайда , олар жинала-жинала ерекше төсеніш (подстилка) қабатын құрады .

Адамдар пайдаланбайтын немесе жеткіліксіз пайдаланатын тесін фитоценоздарда өсімдіктердің жер үстіндегі өркендері өлгеннен кейін біраз уақытқа дейін жердің астындағы мүшелерімен байланысын сақтап ветошь (ескі-құсқы) түзеді. Биологиялық өнімділкті зерттегенде, демек, тірі өсімдіктердің массасын ғана анықтап қоймай олардың өлген мүшелерінің де массасын анықтау керек. Ол үшін тірі өсімдіктермен байланысын үзген Мүшелердің (опад) ағаштар мен бұталардың өлген діндерін (отпад) және өлген жер асты мүшелерін (корнепад), ветошьті есептеу қажет.

Ценоэкосистема есебінде фитоценоздардың қызметтерінің негізгі ерекшеліктерін қарастырғанда тек қана автотрофты популяциялармен шектенуге болмайды. Бұл жағдайда биотаны (гректің - өмір, - биоценоздағы өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, және микроорганизмдер түрлерінің жиынтығы. Биота организмдері бір-біріман күрделі биотакалық, ал ортамен— трансбиотикалық қарым-қатынастармен байланысты.) түгел алған дүрыс. Егер бұны ескеріп, есепке алатын болсақ онда фитоценоздардың ценоэкосистема күйіндегі жұмысын былайша (Быков,1978) қорытындылауға болады:

а) автотрофты популяциялардың күн энергиясын фитоценозға кіргізуі;

б) олардың бірінші өнім-фитомассаны өндіруі;

в) заттың және энергияның трофикалық каналдар арқылы автотрофтардан конеументтерге редуценттерғе жеткізілуі,

г) гететрофтардың екінші өнім -биомассаны өндіру;

Жоғарыда аталған барлық жұмыстардың ішіндегі ерекше көзге түсіп бөлінетіндері биомассаның өндірілуі, трофикалық каналдар арқылы заттардың және энергияның жеткізілуі, заттардың айналымы.

Фитоценоздардың жұмысы үшін күн сәулесі энергия көзі болып табылады . Күн сәулесінің энергиясы автотрофты өсімдіктер популяциясы продуценттердің жасыл, хлорофилді мүшелері (жапырақтар, көк сабақтары, көк жемістері арқылы) енеді. Фотосинтез процесінің бір қасиетті ол энергияның жииалып биосфераның және бүкіл планетаның энергетикалық дәрежесінің өсуіне әкеледі.

Фотосинтез процесіне қатысатын және қатыспайтын мушелерінің миссасының ара-қатынасы әртүрлі болғандықтан өсімдіктердің жеке түрлерінің тыныс алуына жұмсалатын энергия бірдей емес. Балдырларды алатын болсақ олардың, жалпы биомассасының көп бөлігі фотосинтез процесіне қатысады, ағаштардың тек 1-2%, ал қылқан жапырақтылардың

4-5% ғана қатыса алады. Шөптесін өсімдіктер осы балдырлармен ағаштардың арасында орналасады . Қоныржай климатты аймақтарда ол индекс 4-5-ке тең. Көлеңкеде орналасқан жапырақтар орналасқан жапырақтарға қарағанда тыныс алуға органикалық затты аз жұмсайды Ал басқа жағынан қарағанда күн сәулесіне бейімделген жапырақтар көлеңкедегі жапырақтарға қарағанда оны жақсы пайдаланады (Лархер, 1978).

Табиғи фитоценоздар жағдайында жануарлар жейтін өнімнің мөлшері 10%-тен аспайды. Жайылым ретіңде пайдаланылатын фитоценоздарды алсақ оларда әрине малдар өсімдіктердің жер үстіндегі мүшелерін көбірек пайдаланады .

Сонымен биотрофтардың пайдаланган өніміне өсімдіктердің үзіліп түскен мүшелерін (опад) және фитомасса өнімін қосып есептесек таза бірінші өнім шығады. Одан басқа, экосистемалар (биогеоценоздар) дәрежесінде таза өнімді ажыратады; оны жалпы өнімді және онын фототрофтармен гетеротрофтардың тыныс апуына жұмсалғанын есептеу арқылы анықтайды. Қалыптасқан тұрақты фитоценоздардың таза өнімі едеуір болуы мүмкін, ал биогеоценоздардың таза өнімі өте аз тіпті нөлге тең болуы мүмкін , өйткені фототрофтардың түзген заттарының бәрі биоценоз құрамына кіретін организмдердің тыныс алуына жұмсалып кетеді.

Биогеоценоздардын әртүрлі көптеген компоненттері ішінен фитомассаның жиналуында негізгі роль атқаратын шешуші факторларды бөлу керек. Сол шешуші факторларға әсер ету арқылы фитоценоздардың өнімділігін арттыруда үлкен табысқа жетуге болады. Бұл әрине бірыңғай табиғи процестің әртурлі жақтарының араларындағы байланысын жеткілікті дәрежеде зерттеуді талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет