Физика 7- сынып 3- тоқсан «Қысым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары 7.3.1.2 Қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау
7.3.1.5 Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
7.3.1.12 Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру
7.3.1.13 Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
Ойлау дағдыларының деңгейлеріБілу және түсіну
Қолдану
Орта деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1 a) Қысым деп нені айтады? [1]
b) Қысымды төмендететін және жоғарылататын жағдайларды екі топқа жіктеңіз.
/Қалың қармен жүріп келе жатқан саяхатшы. Сазды жермен жүріп келе жатқан БТР әскері.Қар үстіндегі ұшақтың ұшуы. Шегені қағу. Нанды пышақпен кесу./
Қысымның кемуі
Қысымның артуы
[1]
с) Бетке 3000 Н күш түсіріп 2Па қысым алсақ, ауданы қандай болған? [2]
2. а) Паскаль заңы қалай айтылады? [1]
b) Биіктігі 0,5 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді? (800кг/м3) [2]
с) Барометр –анероид не үшін қолданады? Суреттегі барометр –анероидтың құрылысы қандай?
1. 2. 3. 4. 5.
[1]
3) а) Сұйық ішіндегі кері итеруші күш қандай физикалық шамаларға байланысты? [1] b) Ыдыстағы сұйыққа көлемдері бірдей үш шар салынды. Қай шардың тығыздығы көп? [1]
с) Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған.Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы – 1000кг/м3 [2]