Қазақстан білім және ғылым министрлігі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
Ерекше білім беру қажеттіліктері Орындаған:Жақас Ақерке Амандосқызы МФКО-2/2 дот
Қазіргі Қазақстан жағдайында мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының қатарына барлық адамдардың сапалы білім алу құқықтарының теңдігі жатады. Сапалы білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз ететін алғышарт – инклюзивті білім беру.
Ерекше білім беру қажеттіліктері
Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын дамытады. Осыған байланысты, қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер айқындалып отыр. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған ЕҚБ балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, оларды құрдастарының қабылдауына үйренеді.
Инклюзивті білім беру үшін ерекше білім беруді қажетсінетін балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасалуы керек; осындай балалармен жұмыс жасайтын мамандармен қамтамасыз ету жолы қарастырылуы тиіс; интеграция (инклюзив) үрдісінде балаларды психологиялық дайындау – уақытында кеңес беру, көмек көрсеу, тьюторлық және әлеуметтік-психологиялық қолдау, материалдық-техникалық жабдықтау, бағдарламалық, оқыту-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету – басты назарда болып, орталықтандырылған тұрғыда жүзеге асқаны жөн.

Дені сау балалардың ерекше білім алу мұқтаждықтары бар балалармен араласуы олардың ұлағаттық тәрбиесіне әсер етеді, көзқарасын өзгертеді және ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар білім және машық алуға басқа балалармен тең мүмкіндік алады, өздерін еркін сезініп, мектепке қуанышпен барады.

Сонымен қатар мектептегі ұстаз инклюзивті білім беруде психологиялық қолдау мақсатында: Сенің ақаулықтарыңа қарамастан сен әдемі екеніңді біл, өйткені сен – баласың…, сен өз таңдауыңды жасай аласың…, сен өз сәтсіздіктеріңді жеңіп, өз қателіктерің арқылы дамисың…, сен – ол сенсің, өз артықшылықтарың мен кемшіліктерің бар, үміт пен шексіз мүмкіндіктерің бар…, болашққа қадамды біз БІРГЕ жасаймыз! деген сөздермен үнемі қолдау жасап отыруы қажет. Себебі адамдардың бір-біріне қол ұшын беруі – инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың бірден-бір жолы.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:
оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);
оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп Кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады.
Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет:
оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған кезде;