2.Физика пәнінің кинематика бөлімі бойынша қозғалыстарды түсіндіріңіз, формулаларын жазыңыз Кинемaтикa бөлімінде мехaникaлық қозғaлыстың мүмкін болaтын бaрлық түрлерінің мaтемaтикaлық сипaттaмaлaрын қарастырады.
Қозғалыс түрлері: 1. Бір қалыпты қозғалыс- егер қозғалған дене кез келген өзара тең уақыт аралықтарында бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.
2 . Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс-кезкелген бірдей уақыт аралығында дене бірдей орынауыстыру жасайтын қозғалыс.
3 . Бірқалыпты айнымалы қозғалыс – бірлік уақыт өткен сайын оның жылдамдығы бірдей шамаға өсетін немесе кемитін қозғалыс.
Бірқалыпты айнымалы қозғалыс кезінде екі жағдай қарастырылады:
Уақытқа байланысты жылдамдықтың сан мәні ұдайы артып отырса онда қозғалыс бірқалыпты үдемелі қозғалыс д.а.
Уақытқа байланысты жылдамдық сан мәні ұдайы кеміп отырса онда қозғалыс бірқалыпты кемімелі қозғалыс д.а.
4.Түзу сызықты айнымалықозғалыс кезінде бірдей уақыт аралығында дененің жүрген жолы бірдей болмайды.
5 . Тең үдемелі түзусызықты қозғалыс- дене кез келген тең уақыт аралығында жылдамдығы бірдей шамаға өзгеретін қозғалыс. (бірдей бағыты сақталады). 6 . Бірқалыпты шеңбер бойымен қозғалыс -шеңбер бойындағы біркалыпты қозғалыста нүкте белгілі бір уақыт аралығында өзінің бастапқы орнына ауық-ауық қайта оралып отырады.
3.Физика пәнінің динамика бөлімі қандай заңдарды қарастырады, жекелеп түсіндіріп айтыңыз Қозғалыстың күйін өзгеріске ұшырататын денелердің өзара әсер етуіне байланысты мәселелерді Динамика саласы зерттейді. Сонымен қатар динамика саласында Ньютонның үш заңын қарастырады.
Ньютонның бірінші заңында әрбір дене өзінің тыныштық күйін немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін, оған басқа денелер әсер етіп өзгерткенге дейін, бұзбай сақтайды.