Заттың мөлшері сол зат массасының оның мольдік массасы қатынасына тең.ІХ сынып химия оқулығында зат мөлшеріне дәл осындай анықтама беріледі.
Мольдік массасы М болатын массасы кез келген мөлшердегі заттың молекулалар саны екі формулаларға сәйкес мынаған тең:
Авогадро тұрақтысын есте сақтаңдар: ол үшін бірінші 6 цифры мен шамасы ретін білу жеткілікті. 2 г сутегінде, 18 г суда т.б. сонша молекула бар, Салыстырмалы молекулалық масса, зат мөлшері және мольдік масса сияқты жаңа физикалық шамаларға анықтама береді. Оларды қорытып шығарудың қажеті жоқ, тек оларды есте сақтаса болды. Ал қалған формулаларды қорытып шығаруға болады.
? 1. Судың салыстырмалы молекулалық массасы неге тең?
2. Судың екі молінде қанша молекула бар?
3. Бір литр судағы заттың мөлшері неге тең?
4. Мольлік масса М-нің салыстырмалы молекулалық массасымен М кг /мол қатынасымен байланысты екенін дәлелдеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |