Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы


Егер газдың температурасы өзгермесе, онда ол оның берілген массасы үшін газ қысымының көлемге көбейтіндісі тұрақты болады



бет44/120
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#13772
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   120
Егер газдың температурасы өзгермесе, онда ол оның берілген массасы үшін газ қысымының көлемге көбейтіндісі тұрақты болады.

Бұл заңды тәжірибе жүзінде ағылшын ғалымы Р.Бойль(1627-1691), одан біраз кейінірек француз ғалымы Э.Мариотт(1620-1684) ашты. Сондықтан ол Бойль-Мариотт заңы деп аталады.

Бойль-Мариотт заңы кез-келген газ үшін, сондай-ақ олардың қоспасы үшін де, мысалы, ауа үшін де дұрыс. Тек атмосфералық қысымнан бірнеше жүз есе жоғары қысымда ғана бұл заңнан ауытқу елеулі түрде байқалады.

Атмосфералыққа жақын қысымдарда Бойль-Мариотт заңының дұрыстығына алдыңғы параграфта сипатталған қондырғының көмегімен көз жеткізуге болады.

Тұрақты температурада газ қысымының көлемге тәуелділігі график түрінде изотерма деп аталатын қисық сызық арқылы кескінделеді. Газдың изотермасы қысым мен көлемнің арасындағы кері пропорционал тәуелділікті өрнектейді. Қисық сызықтың мұндай түрін математикада гипербола деп атайды.

Әр түрлі тұрақты температураға әр түрлі изотермалар сәйкес келеді. Егер V=const болса, температура жоғарылағанда қысым күй теңдеуіне сәйкес артады. Сондықтан жоғарылау температураға сәйкес изотерма, төменірек температураға сәйкес келетін изотермадан жоғары артады.

Компрессормен ауаны сығу процесін немесе ыдыстағы ауаны сорып шығарғанда пошень астындағы ауаның ұлғаюын – шамамен изотермиялық процесс деп атауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет