Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет45/120
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#13772
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   120
Байланысты:
Умк (1)

Изобаралық процесс.Қысым тұрақты болғанда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі изобаралық деп аталады.

(3.4)-теңдеуіне сәйкес, қысымы өзгермесе газдың кез келген күйінде көлемнің температураға қатынасы тұрақты болады:

p = const болғанда , = const (3.7)

Егер газ қысымы өзгермесе, берілген массалы газ үшін көлемнің температураға қатынасы тұрақты болады.

Бұл заңды 1802 жылы француз ғалымы Гей-Люссак(1778-1850) тәжірибе жүзінде тағайындалған және сондықтан ол Гей-Люссак заңы деп аталады.

(3.7)-қатысқа сәйкес тұрақты қысымда газдың көлемі температураға сызықтық тәуелді болады, яғни:

(3.8)

Әр түрлі қысымға әр түрлі изобара сәйкес келеді. Қысым артқан сайын, тұрақты температурада Бойль-Мариотт заңы бойынша газдың көлемі кішірейеді. Сондықтан жоғарырақ қысымға сәйкес келетін изобара сәйкес келетін изобара төменірек қысымға сәйкес келетін изобарадан төменірек жатады.

Төменгі температуралар аймағында идеал газдың барлық изобаралары T=0 нүктесіне түйіседі. Бірақ бұл реал(нақты) газдың көлемі шынында да нөлге айналадыдеуге болмайды. Барлық газдар қатты суынғанда сұйыққа айналады, ал күй теңдеуі (3.4) сұйықтарға қолданылмайды.

Жылжымалы поршеньді цилиндрдегі газды қыздырғанда оның ұлғаюын изобаралық процесс деуге болады. Онда цилиндрдегі қысымның тұрақтылығы поршеньнің үстінгі бетіне атмосфералық ауа қысымының әсері арқылы жүзеге асады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет