Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет55/120
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#13772
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   120
Байланысты:
Умк (1)

4-тарау.Будың қасиеттері

Қаныққан бу.

Булану және кондасация.Мұқият жабылған әтір құйылған шиша көп тұрғанмен оның ішіндегі әтірдің мөлшері өзгермеуі мүмкін. Егер шишаның: ауызын ашық қалдырып, араға біраз уақыт салып, қарасақ оның ішінде ештеңе қалмағаның байқаймыз. Хош йісті заттар ерітілген сұйық әтір буға айналды.Асфальт бетіндегі су анағұрлым тез буланады. Ауаның температурасы жоғары болса және жел соғып тұрса тез буланады. Бұл құбылысты былай түсіндіруге болады.

Сұйық молекулалары ретсіз қозғалады. Сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, молекулалардың кинетикалық энергиясы соғұрлым артады. Ал кинетикалық энергияный орташа мәні берілген температурада белгілі шамаға ие. Берілген уақыт мезетінде әр молекуланың кинетикалық энергиясы орташа мәннен аз да, көп те болуы мүмкін. Бір мезетте кейбір молекулалардың кинетикалық энергиясының үлкен болатыны сонша , олар басқа молекулалардың тартылыс күшін жеңіп сұйықтан ұшып шығу мүмкіндігіне ие болады. Булану процесі дегеніміз осы.

Ұшып шыққан молекула газдың ретсіз жылулық қозғалысына қатынасады. Ретсіз қозғала отырып, бұл молекула ашық ыдыстағы сұйық бетінен алыстан біржола кетіп қалуы немесе сұйыққа қайтып оралуы да мүмкін. Мұндай процесс кондансация деп аталады.

Егер ыдыс бетіндегі ауа ағыны пайда болған сұйық буларын өзімен бірге алып кететін болса,онда сұйық тез буланады. Себебі бу молекуласының сұйыққа қайтып оралу мүмкіндігі азаяды. Сұйық температурасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұйықтан ұшып шығып кеті үшін кинетикалық энергиясы жеткілікті молекулалардың саны да артады және булану жедел өтеді.

Булану кезінде неғұрлым жылдам қозғалатын молекулалар сұйықтан ұшып шығады. Сондықтан сұйық молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы азаяды. Ал бұл сұйық температурасының төмендегенің көрсетеді.Тез буланатын сұйықтардың бірін қолына жағып, бірден олардың қолға жағылған жерінің өте салқындағаның сезесің. Егер ол жерді үрлейтін болсақ, салқындау күшейе түседі.

Егер сұйықтың булану мүмкіндігін болдырмайтын жағдай жасасақ, онда салқындау анағұрлым баяу жүреді. Майлы сорпаның ұзақ уақыт салқындайтының еске түсіріп көр. Сорпа бетіндегі май тез қозғалатын молекулалардың шығып кетуіне кедергі жасайды. Сұйық буланбайды деуге болады және оның температурасы баяу төмендейді.



Қаныққан бу. Егер сұйық құйылған ыдысты тығыз жабатын болсақ , онда сұйықтың азаюы тез арады тоқталады. Температура өзгермеген жағдайда сұйық – бу жүйесі жылулық тепе-теңдік күйге келеді және бұл күйде ұзақ уақыт бола алады. Булану процесімен қатар конденсация процесі болып отырады және бұл екі процесс орта есеппен бір-бірін теңгереді.

Ыдысқа сұйық құйып, бетін жапқаннан кейін, алғашқы кезде, сұйық буланады да, будың тығыздығы арта бастайды. Бірақ мұнымен бірге сұйыққа қайта оралатын молекулалардың саны да өсіп отыратын болады. Бу тығыздығы неғұрлым артқан сайын, сұйыққа қайтып оралатын бу молекулалардың саны арта түседі.Температура тұрақты болған жағдайда осының нәтижесінде жабық ыдыстағы сұйық пен бу арасында біртіндеп динамикалық тепе-теңдік қалыптасады. Сұйық бетінен шығып келетін молекулалар саны орта есеппен сол уақыт ішінде сұйыққа қайтып оралатын бу молекулаларының санына тең болады. Су үшін бөлме температурасында бұл сан 1 секундта 1 бет аудан үшін молекулаға тең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет