2. Пән туралы мәліметтер: Ықтималдықтар теориясындағы негізгі ұғымдарын қарастыра отырып, ықтималдыққа қатысты теоремалар мен формулаларды жете түсіне білген жөн.Бұл пәннің даму сатылары осы ғылымның даму сатыларын бейнелейді, өйткені ықтималдық ұғымы ықтималдықтар теориясының алдына проблемалар қоюға және де оларды шешуге әсер етті.
Математиканың басқа тарауларының даму кезеңдері сияқты ықтималдықтар теориясының даму жолы оның өзіне тән ішкі логикасына, ғылым салалары мен техниканың талаптарына, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуына тығыз байланысты. Сондықтанда, бұл даму жолы – заңды процесс.
Болашақта коммуникативті, педагогика жаңа технология саласындағы білімдерді жете меңгерген, жоғары кәсіби маманға қажетті фактілерді есте сақтап, оларды қолдана білуде, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру мен ғылым жаңалықтарын өз бетімен оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеруде, кәсіби қызметке теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеруде ықтимадықтар теориясы және математикалық статистика теориясын автоматты түрде, формалды жаттауға болмайды. Оқып таныған материалды есте сақтап, өмірде керек қажетке жарату үшін әр тақырыптың мағнасын, логикасын терең түсініп, ғылыми әдебиеттерден, ғаламтордан керек мәліметтерді таба және жинақтай білу маңызды. Әр оқыған тақырыбың бойынша өзіңе сұрақтар мен тапсырмалар қойып, жауап беріп, тапсырмаларды орындау -білім жинақтаудың бір әдісі. Курсты оқып тану үшін әдебиеттің және дәрістің жақсы жазылған конспектілерінің де маңызы бар. Демек, біз төмендегідей мақсат, міндеттер қоямыз:
Мақсаты: 1.Студенттерді ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика пәнінің
элементтерімен таныстыру;
2. Болашақ математика мамандығын игеру барысында
қажет комбинаторика ұғымдарын, ықтималдық теориясының негізгі формулаларымен теоремаларын және математикалық статистика есептерінің шешілу әдістерін қарастыру;
3.Пәннің негізгі теориялық құрылымын баяндау.
4.Студенттерді кездейсоқ оқиғалардың көріну мүмкіндіктерін есептеуге, болжауға үйрету, кездейсоқ себептерді ескеретін математикалық модельдерді құру және талдау барысында ықтималдық теориясының алдыңғы қатарлы жетістіктерін қолданып, компьютердің мүмкіншіліктерін пайдалануға жаттықтыру.