27. Магнит өрісіндегі күй тығыздығы Магнит өрісінде күй тығыздығы қатты өзгереді. Ландау параболасының «төбесінде» күй тығыздығы шексіз өседі, және энергия өскен сайын әр параболада күй тығыздығы азаяды ~. Күй тығыздығының магнит өрісіндегі осы қасиеті Ландаудың дискретті деңгейлері туралы айтуға мүмкіндік береді.
Заряд тасушылардың концентрациясының және әлсіз магнит өрісіндегі Ферми деңгейінің өрнектері жартылай өткізгіш магнит өрісіне қойылмаған жағдайдағы өрнектерімен бірдей болады. Күшті магнит өрісінде ол өрнектер мүлдем өзгеше болады.
Бұл параграфта қарастырылған заряд тасушылар концентрациясы жылулық генерацияда пайда болған яғни заряд тасушылар тордың жылулық тербелісінен пайда болғандар. Ал тор тербелісі электрондық немесе тесіктік газбен термодинамикалық тепе – теңдік жағдайда болған кез. Сондықтан заряд тасушылар тепе – теңдік тасушылар деп аталады, ал оларға сәйкес концентарция тепе – теңдіктік концентрация деп аталады.
28. Жартылай өткізгіштердегі кинетикалық құбылыстар. Больцманның кинетикалық теңдеуі Жартылай өткізгіште температура градиентінің немесе ішкі және сыртқы өрістердің әсерлерінен заряд тасушылардың қозғалысына байланысты туындаған физикалық құбылыстар кинетикалық деп аталады. Оларды сипаттау үшін Больцман теңдеуі пайдаланылады.
Кристалда толық күй саны тұрақты болғандықтан таралу функциясының уақыт бойынша толық туындысы нольге тең:
– сыртқы күш; - ішкі күш.
Бөлшектің соқтығысу нәтижесінде бір күйден екінші күйге өту ықтималдығы болса, онда соққы әсерін төменгіше өрнектеуге болады: