Физика кафедрасы


Вакуумды коллекторлы жүйелер



бет12/76
Дата29.12.2022
өлшемі6,09 Mb.
#60139
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76
Вакуумды коллекторлы жүйелер
Аталған жүйеде жылу тасымалдағыштың енжар (пассив) айналмалы (циркуляциясы) жұмыс тәртібі қолданылады. Коллектордың жылу аккумуляциялайтын жылу жүру бағыты және түтіктері бірегей гидравликалық контурын құрайды. Су коллектор түіктерінде қызып бакқа көтеріледі, ал суық су бактан түтікке түседі. Осылайша, жылу аккуммуляциялайтын бакта су қызады. Суық су біраз ғана қысымның әсерінен бактың төменгі бөлігіне түседі, ал ыстық су бактың жоғары бөлігенен төмен ағады. Жүйедегі қысым 1-2 атмосферадан артпауы керек. Су, мысалы, кішігірім ашық қысымды бактан берілуі мүмкін.
Коллектордың ішіне біріктірілген (контактілік) бетті пластина және жылу өткізгіш білік енгізілген. Бұл түтік төменгі температураға төзімді және -500С-ге дейін температурада жұмыс істеуге қабілеттілігін жоғалтпайды.
Мұндай коллекторлар тікелей түскен және шашыраған күн радиациясымен де жұмыс істейді. Бұл ерекшелік вакуумның қасиетімен бірге сырттағы жылу шығындарын азайтады және бұл коллекторларды суық, күңгірт қыс жағдайында тиімді болып табылады. Екіншіден, вакуумдық түтіктің дөңгелек пішінінің салдарынан күн сәулесі күннің басым бөлігінде жұтқышқа перпендикуляр түседі.
Күн коллекторларының тиімділігін арттыратын тәсілдер
Күн жылу коллекторларының тиімділігін арттыратын, мысалы, жұтатын бет-панельде шағылдыратын бетті, селективті жамылғыны, ұяшықты құрылғыны, жылу тұзақтарын қолдануға байланысты әртүрлі тәсілдер бар [25].
7.12-суретте қазіргі уақытта қолданылатын күн коллекторларының құрылымдары (конструкциялары) көрсетілген.
Шағылдырғыш беттер – 7.12 б, в, г-сурет күн сәулесінің шоғырландырғыш (концентрациясын) арттыруды және жылу шығындарын азайтуға ықпал етеді. Шағылдырғыш беттің пішіні жазық, гофрирленген, қисық болуы мүмкін.
Вакуумдалған коллекторлар 7.12 д-сурет, әсіресе жоғары температураларда жылу шығындарын азайтуды қамтамасыз етеді, 9 диффузды шағылдырғыш бет 3 түтікке түсетін энергия шамасын арттырады. Вакуумды 2 әйнек түіктің ішкі жағында болады, 3-түтіктер әйнектен, металдан, полимер материалдардан жасалады. 2-түтіктегі ауаның қысымы 0,001-0,1 Па құрайды.
Жылу құбырлары  7.12 е-суретте соңғы уақыттарда күн коллекторларында жылу түтігі қағидасын қолдануға деген қызығушылық туындауда. Жылу тасымалдағыш ретінде төменгі қайнайтын сұйықтарды қолдана отырып, жылуды тек күн радиациясы есебінен ғана емес қоршаған орта есебінен алу мүмкін. Бұл жағдайда жылу шығындарын азайту есебінен пайдалы әсер коэффициенті артады.
Полимер материалдарды қолдану  7.12 ж, з, г-суреттер коллектордың салмағын төмендетуге, әзірлеу технологиясын, жинауды, пайдалану және құрастыру жұмыстарын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

10-сурет. Күн коллекторларының құрылымдары:
1 – қорабы (корпус); 2 – мөлдір жамылғы; фокуста 3 – жұтқыш түтікті; 4 – оқшаулағыш; 5 – оқшаулағыш беттік-пластина; 6 – айналатын білік; 7 – жылу алмастырғыш; 8 – жылу тасымалдағыш; 9 – шағылдырғыш бет; 10 – сильфонды тіректер; 11 – буландырғыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет