–сұйықтық қыздырылатын күн коллекторы;
–су тұратын бак-аккумулятор;
–қосымша қыздырғыш немесе қазан;
–бақылау-өлшеу және реттейтін құрылғылар;
–сақтандырғыш жапқыштар;
–сорғылар мен құбырлар.
Сұйықтық жүйесінде жылу тасымалдағыш ретінде антифриз ерітіндісі қолданылады, ал аккумуляциялайтын орта –су. Жылу энергиясы сұйықтық температурасының артуы нәтижесінде бак-аккумуляторда жинақталады және қажетіне қарай жылыту мен ыстық сумен қамтамасыз ету үшін қолданылады [9,19,24,45].
Қосымша қыздырғыш (энергияның қосымша көзі) жылу жүктемелерін толықтай қанағаттандыру үшін күн энергиясы жеткіліксіз болатын кездерде қолданылады.
64-сурет. Ыстық су жабдықтау және жылытудың сұйықтық гелиожүйесінің сұлбасы:
1 – күн коллекторы; 2 – жылу алмастырғы; 3 – бак-аккумулятор; 4 – қазандық; 5 – жылытатын орын; 6 – сорғы; 7 – араластырғыш; 8 –ыстық су жабдықтау пішініндегі жылу алмастырғы; 9 – ыстық су багы; 10 – жеткізу жүйесі
Жазық күн коллекторы өзімен арнайы жылу алмастырғыны ұсынады, күн сәулесін жылу энергиясына түрлендіріп және оны жылутасымалдауышқа береді. Күн коллекторы жылу тасымалдау жүйесінің негізгі элементі.
Күнмен жылыту жүйесінің есебі Бастапқы берілгендер Күн жүйесі (гелиожүйе) 38,0° солтүстік ендікте орналасқан, ауаның сыртқы есептік температурасы , жылыту кезеңнiң ұзақтығы 119 күн.