15. Егер екі таңбалы санды оның цифрларының қосындысына бөлсек, онда бөлінді де 8 және қалдықта 4 қалады. Егер де осы саннан 63-ті шегерсек, онда сол цифрлармен бірақ кері тәртіпте жазылған екі таңбалы сан шығады. Осы санды табыңыз.
A) 52; B) 62; C) 72; D) 82; E) 92.
16. Ізделінді екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 11-ге тең. Егер ізделінді санды сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған санға бөлсек, бөлінді де 2 және қалдық 7 шығады. Осы санды табыңыз.
A) 56; B) 65; C) 47; D) 74; E) 83.
17. Екі таңбалы сан өзінің цифрларының көбейтіндісінен 14-ке артық, сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған саннан 45-ке кем.Осы санды табыңыз.
A) 38; B) 18; C) 28; D) 48; E) 58.
18. Екі таңбалы сан өзінің цифрларының квадраттарының қосындысынан 19-ға артық және сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған саннан 9-ға артық. Осы санды табыңыз.