7. Қосындысы, айырмасы және көбейтіндісі 5:1:18 қатынасындай болатын екі санды табыңыз.
A) 9 және 6; B) 8 және 5; C) 12 және 9; D) 10 және 7; E) 11 және 8.
8. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер ізделінді санға 36-ны қосса, онда сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған сан шығады. Осы санды табыңыз.
A) 84; B) 48; C) 57; D) 75; E) 93.
9. Екі таңбалы санның цифрларының квадраттарының қосындысы 13-ке тең. Егер осы саннан 9-ды шегерсек, онда сол цифрлармен, бірақ кері тәртіпте жазылған сан шығады. Сол санды табыңыз.
A) 23; B) 32; C) 13; D) 31; E) 22
10. Мына мәліметтер бойынша бүтін оң санды анықтаңыз: егер ол санды цифрлармен жазып және оң жағына 4 цифрын тіркесе, онда шыққан сан ізделінді саннан 4-уі артық санға қалдықсыз бөлінер еді, ал бөліндіде шыққан санның бөлгіштен 27-сі кем болар еді.