ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
СӨЖ-9 Тақырыбы: «Реестр»
Орындаған: Жұмабай О.
Тексерген:Тұрғанбай Т.
Ақтөбе 2023 жылы
Тапсырма: Мына тақырыпта конспект жазу: 1.Реестр бөлімдері
2.Реестр арқылы басқару
Реестр- бұл қосымша конфигурацияларының және жүйенің иерархиялық мәліметтерінің базасы. Реестрге қатынас- реестр бөлімдері арқылы жүзеге асады. Олар файлдық жүйенің каталогтарына аналогты. Бөлім өзге бөлімдерді немесе файл атына не мазмұнына сәйкестендіретін «параметр- мәнді» сақтауы мүмкін.
Қолданушы немесе администратор реестрдің құрамын реестр түзушісі арқылы қарай немесе түзей алады. Ол REGEDIT32 командасымен шақырылады. Бұдан басқа программалар реестрді осы бөлімде сипаттайтын API функциясы арқылы бақылай алады.
«Параметр- мән» реестрде келесі ақпаратты сипаттайды:
• Версия номері және операциялық жүйенің шығарылған номері және де жүйеге енген қолданушыны;
• Дұрыс орнатылған барлық қосымшалар туралы ақпараттарды;
• Компьютер процесінің типі туралы ақпаратты, процессорлар санын, жүйелік жадыны, т.б.
• Негізгі каталог және қосымшаны баптау тәрізді қолданушы ақпаратын;
• Қауіпсіз мәліметтерді, мыс: тіркелген қолданушы аттары;
• Орнатылған қызмет;
• Файлдар арасындағы кеңейтілулер мен орындалатын программалардың сәйкестіктері. Олар файлдардағы белгішелерді басқанда, қолданушы интерфейсінің қабықшасы ретінде қолданады. Мыс: .doc кеңейтілуі Microsoft Word- қа сай келеді.
• Жүйелік адрестер мен компьютерлер арасындағы сәйкестіктер.
Реестр бөлімдері Файлдық жүйе каталогтары мен реестр бөлімдері арсындағы аналогияны аңғаруға болады. Әр бөлім өзге бөлімдерді және де «параметр- мән» тізбегін қамтуы мүмкін. Файлдық жүйеге файлдың толық аты бойынша қатынау сияқты, реестрге де бөлім аттары бойынша қатынауға болады. Реестрге кіру нүктесі ретінде бірнеше стандартты бөлімдер қызмет етеді.
1. HKEY_LOCAL_MACHINE машина туралы физикалық информацияны және де орнатылған программалық қамтама туралы мәліметтерді сақтайды. Әр орнатылған программаларға бөлімшелер түрі құрылады.
SOFTWARE\компания аты\өнім аты\Версия.
2. HKEY_USERS қоданушылар туралы конфигурацияларын сақтайды.
3. HKEY_CURRENT_CONFIG ағымдағы баптау параметрлерін, монитор және шрифттің шешуші міндеттерін сақтайды.
4. HKEY_CLASSES_ROOT файл кеңейтулері және класс, қосымша арасындағы сәйкестікті анықтайтын, осы кеңейтулері бар объектілерге қатынас қабықшасы ретінде қолданылатын бөлімдерді сақтайды. Бұл бөлімдерде Microsoft (COM) объекті модель комопненттеріне арналған барлық мәліметтер жазылады..
5. HKEY_CURRENT_USER. Мұнда берілген қолданушының ақпараттары, айнымалы орта, принтер және қолданушыны баптау қосымшалары да қатысады.