Физика-Математика факультеті



Дата29.03.2023
өлшемі15,77 Kb.
#77101

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің
Физика-Математика факультеті
«6B01508-Математика-Физика»
мамандығының 3 курс студенті
Қалдыбаева Назым Рысбайқызына
Мінездеме
Қалдыбаева Назым Рысбайқызы 23.02.2023 – 03.03.2023 жыл аралығында Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясында оқу – педагогикалық тәжірибеден өтті.
Назым Рысбайқызына оқу – педагогикалық тәжірибе барысында сынып жетекшілігі ретінде 6 «Б» сыныбы бекітілді. Назым өз тәжірибесінің алғашқы аптасында кластың барлық пән сабақтарымен, күнтізбелік жоспарлармен және сыныптың пән мұғалімдерімен танысып, класты зерттеу мақсатында күнделікті сабақтарға қатысып отырды. Сынып жетекшісі тарапынан тәрбие жоспарымен танысты.
Назымның оқу – педагогикалық практикасын бақылай отырып, оны белсенді болды деп айта аламын. Мектеп қағидаларын жақсы меңгерген. Берілген сыныбымен жақсы тіл табыса отырып, тығыз қарым-қатынас орнатты. Сыныптың барлық сабақтарына қатысу арқылы, оқушылардың сабаққа қатысымын бақылап, мінез-құлықтары мен ерекшеліктерін анықтауға тырысты.
Назым сынып жетекші ретінде 6 «Б» сыныбына «Алғыс айту парызым» атты кластан тыс-шара өткізді. Оқушыларға интерактивті тақтадан қызықты видеолар көрсетіп, түрлі ойындар мен ребустарды шешкізді. Сабақ уақытында өзінің ұйымдастырушылық, шығармашылық қабілеттерін жақсы деңгейде екенін көрсетті.
Болашақта заман талабына сай өз таңдаған мамандығының білікті, жан-жақты маман иесі болатынына сене отырып, мектепте өткізген оқу – педагогикалық тәжірибесін «өте жақсы» деп бағалаймын.

Әл-Фараби атындағы №21


мамандандырылған гимназия директоры: Тойшыманова М.К.
Класс жетекшісі: Асанбаева Г.Ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет