Физика, математика және ақпараттық технологиялар


Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты



бет32/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78
Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді: Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы; Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы; Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы; Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)
Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау; Баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Тәжірибелік маңыздылығы:

  • жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

  • оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

  • бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

  • өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.

  • оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады. Критериалды бағалау.

Мұғалімдерге:

  1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

  2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

  3. Білім беру сапасын арттыруға;

  4. Оқытудың сапасын жақсартуға;

  5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

  6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

  7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:

  1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;

  2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

  3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

  4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.

Ата-аналарға:

  1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;

  2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

  3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

  4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

  5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет