Физика, математика және ақпараттық технологиялар



бет28/78
Дата15.10.2023
өлшемі247,05 Kb.
#115185
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78
Кілт сөздер: Жобалау технологиясы, педагогикалық диагностика.
Жоспары:

  1. Критериалды деңгейлік мақсаттылық негізінде педагогикалық үрдісті жобалау технологиясы

  2. Жобалау технологиясының құрылымдық компоненттері.

  3. Педагогикалық жобалаудың кезеңдері, формалары.

  4. Оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесіне оқушыларды бейімдеу.

Дәріс тезистері:
Жобалау технологиясы. Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі" – деп тұжырымдайды Хилпатрик.
Жобалап оқыту технологиясы ТМД елдерінің оқыту жүйесінде де кең өріс алып жатқаны белгілі. Жобалап оқыту технологиясының теориялық алғаш негіздеген Ресей ғалымдарынан В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В. Кузьмина т.б. ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәтижесінде, сонымен қоса Е.Н.Ильина, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов т.с.с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде қарастырылған. Жобалау әдісі білім беру ресурсы ол оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту. Жобалау әдісі біріншіден – қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден – нәтижеге қол жеткізуді болжайды. Төменде көрсетілетіндей Е.С Полат жобалау әдісі жаңа педагогикалық технологиялар дидактикасының дамуына осылайша әсер етеді деп көрсетеді. Қазіргі таңда қолданылып жүрген стандартталған сабақтың класс-сабақ жүйесіне жобалау әдісі оңай еніп жүйенің ешқандай мақсатттары мен құрылымына әсер етпейді. Бұл технология интеграция кезінде мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген мақсатқа өте нәтижелі жетеді. Жобалау әдісі тек оқу материалдарының өнімді игерілуін ғана камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау, мұғалімге, оқушылардың бір-біріне кеңпейілді дұрыс көзқарас, тілдік қарым-қатынасқа бейімділік, бір-біріне көмекке келу сиякты қасиеттерін бекітеді. Қазіргі таңда жобалау технологиясы өте мұқиат шет және өз еліміздің әдіскерлерімен зерттелуде: И.Л Бим, И.А Зимняя ,Т.Е Сахорова, О.М Моисеева, Е.С Полат және т.б. Көптеген зерттеулерде жобалау әдісі нәтижелі білім беру жүйесінің ең маңызды компоненті және әзірлеудің түрін активті іс-әрекет түрі арқылы (жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез) дәстүрлі стандартты емес білім беру үрдісін көрсетеді. Жобалау әдістемесі жаңа педагогикалық жеке тұлғаға бағытталған технология ретінде гуманистік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды:

  • Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі;

  • Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау.

Педагогикалық жобалау –кез келген мұғалімнің кәсіби қызметі(оқушылармен өзара қарым қатынас жасау мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін іздестіру) болып табылады.
Педагогикалық жобалау алдыңғы іс-әрекетке қолайлы жағдайлар туғызу және оның нәтижелерін алдына ала болжау. Педагогикалық жобалаудың обьектісі: педагогикалық жүйелер, педагогикалық процесс, педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық процесс мұғалім үшін жобалаудың басты обьектісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет