1-тапсырма: Есептер шығару №1.Линзаның оптикалық күші 8 дптр. Бұл қандай линза – шашыратқыш па, жинағыш па? Оның фокус қашықтығы неге тең?
№ 2. Линзаның оптикалық күші 5 дптр. Бұл қандай линза – шашыратқыш па, жинағыш па? Оның фокус қашықтығы неге тең?
№ 3. Егер шыны линзаны суға батырса, оның оптикалық күші қалай өзгереді? Шынының сыну көрсеткіші 2,03; судікі – 1,33.
№4. Слайдты экранда он есе үлкейтіп көрсету үшін фокус қашықтығы 20 см линзаны пайдаланады. Слайдты линзадан қандай қашықтықта орналастыру керек?
№5. Лин за ның оп ти ка лық цент рі нен 4 см қа шық тық та ор на лас қан, зат тың 5 есе үл кейт іл ген жал ған кес кі нін бе ре тін жи нағыш лин за ның оп ти ка лық кү шін анық таң дар
№6. Жи на ғыш лин за ның оп ти ка лық кү ші
1,5 дп тр, ал ша шы рат қыш лин за ның оп ти ка лық кү ші – 2 дп тр. Лин за лар дың фо кус тық қа шық ты ғын анық таң дар.
№7. Ба ла уыз жи на ғыш лин за дан 12,5 см қа шық тық та ор на лас қан, оның оп ти ка лық кү ші 10 дп тр. Кес кін лин за дан қан дай қа шық тық та алы на ды жә не ол қан дай бо ла ды? Сәу ле лер ді са лу ар қы лы кес кі н алың дар
№8. Фо кус та ры 10 см жә не 20 см бо ла тын екі жи на ғыш лин за дан жә не оп ти ка лық кү ші D = – 3 дп тр бо ла тын ша шы рат қыш лин за дан тұ ра тын лин за лар жүй есі нің оп ти ка лық кү шін анық таң дар.
№9. Фо кус тық қа шық ты ғы 20 см бо ла тын линза ның кө ме гі мен эк ран да лин за дан 1 м қа шық тық та ор на лас қан зат тың кес кі ні алын ған. Зат лин за дан қан дай қа шықтық та ор на лас қан? Оның кес кі ні қан дай бо ла ды?
№10. Фокус аралығы 12 см жинағыш линзадан нәрсенің шын және өзінен үш есе үлкейтілген кескін алу үшін, оны қандай қашықтыққа қою керек? №11. Май шам оптикалық күші 10 Дптр-ге тең жинағыш линзадан 12,5 см қашықтықта орналасқан. Кескін линзадан қандай қашықтықта орналасады және ол қандай кескін?
№12. Нәрсе жинағыш линзадан 1,8 м қашықтықта тұр. Егер кескін нәрседен 5 есе кіші болып шықса, линзаның фокус аралығы қандай?
№13. Фокус аралығы 0,4 м болатын жинағыш линзадан, алынған кескін линзаның екінші жағынан 2 м қашықтықта болу үшін, берілген дене линзадан қандай қашықтықта болу керек? №14. Нәрсе линзадан 4F кашықтыққа орналасқан, оның экрандағы кескіні өзінен қанша есе кіші?
№15. Нәрседен экранға дейінгі қашықтық 3 м-ге тең. Нәрсенің 5 есе үлкейтілген кескінін алу үшін, оптикалық күші қандай линзаны алу керек ?