КИНЕМАТИКА. 1-НҰСҚА.
1. Ішіндегі ауасы шығарылған түтікте бытыра, тығын, құстың қауырсыны бар. Түтікті аударғанда осы денелердің қайсысы бірінші түседі?
А) бытыра; В) тығын; С) құстың қауырсыны; D)үш дене бірден түседі; Е) бытыра, тығын.
2. Қайсы жағдайларда адамды материалдық нүкте деп санауға болады?
1. Адам үйінен жұмысқа бара жатыр.
2. Адам кемемен саяхатта жүр.
3. Адамның бойын өлшегенде.
А) 1,3; В) 1,2; С) 2,3; D) тек 3; Е) 1,2,3.
3. Дене 15м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған. Дене жерге қандай жылдамдықпен қайта түседі? Ауамен үйкелісті ескермеңіз.
А) 7,5м/с В) 1,5м/с С) 5м/с D) 15м/с Е) 8,5м/с.
4. Векторлық шама болып есептеледі
А)орын ауыстыру В) жол С) уақыт D) масса Е) жиілік.
5. Жылдамдық 36км/сағ тең. Оған сәйкес келетін жылдамдық
А) 3600м/с; В) 0,01м/с; С)10м/с; D) 36км/с; Е) 100м/с.
6. Материалдық нүктенің қозғалысының теңдеуі: х═20+4t². Нүкте қандай үдеумен қозғалады?
А) 0 м/с² В) 2 м/с² С) 8 м/с² D) -2 м/с² Е) 4 м/с²
7. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалған дененің жылдамдығы 3 есе кемісе центрге тартқыш үдеу
А) 3 есе артады
В) 9 есе артады
С) 3 есе азаяды
D) 9 есе азаяды
Е) өзгермейді
8. Дененің қозғалу жылдамдығының Х және У осьтеріне проекциялары 6м/с және 3м/с. Дене жылдамдығының модулін анықта
А) 3,5м/с; В) ≈7м/с; С) 1м/с; D) ≈5м/с; Е) 3м/с.
9. Материалдық нүктенің қозғалысы х═t-3t² теңдеумен берілген. Нүктенің қозғалысының бастапқы жылдамдығы қандай?
А) 2м/с; В) 3м/с; С) 1м/с; D) -3м/с; Е) -1,5м/с.
10. Еркін дене күш түсірілсе қалай қозғалады?
А) үдеумен; В) бірқалыпты; С) қозғалмайды;
D) күштің табиғатына байланысты; Е) жай қозғалады.
11. Жел ұшырған жапырақ бірқалыпты қозғалып, 5минутта 7500м қашықтыққа ұшып барады. Дауылдың жылдамдығы қандай?
А) 30м/с; В) 15м/с; С) 10м/с; D) 25м/с; Е) 20м/с.
12. Дене белгілі биіктіктен құлайды. Жерге түсер алдындағы дененің жылдамдығы 10м/с. Дене қандай биіктіктен құлаған (g=10м/с²)?
А) h=V²/g=180м; В) h=V²/4g=22.5м; С) h=V²/2g=50м; D) h=V²/g=90м; Е) h=V²/3g=30м.
13. Түзу сызықпен қозғалып келе жатқан дене жылдамығын артты. Үдеу қалай бағытталған?
А) қозғалыс бағытымен;
В) нормаль бойымен;
С) қозғалысқа қарсы;
D) берліген нүктенің траекториясының радиус-векторының бойымен;
Е) траекторияға жанама бойымен.
14. Дене жылдамдығы 4с ішінде 12м/с-тан 2м/с-қа дейін өзгереді. Дене қандай үдеумен қозғалады?
А) 26м/с² В) -2,5м/с² С) 2,5м/с² D) 40м/с² Е) 3,25м/с².
15. Велосипед дөңгелегінің радиусы 40см. Егер дөңгелек 100айн/мин жасайтын болса, онда велосипедшінің жылдамдығы
А) ≈7,2м/с; В) ≈3,8м/с; С) ≈10м/с; D) ≈2,5м/с; Е) ≈4,2м/с.
16. Егер доңғалақтың радиусы 1м, ал бұрыштық жылдамдығы 30рад/с болса, доңғалақтың жиегіндегі нүктенің сызықтық жылдамдығын анықта.
А) 30м/с; В) 900м/с; С) 1/30м/с; D) 15м/с; Е) 0,3м/с.
17. Тыныштық қалпынан бірқалыпты үдемелі қозғала бастаған автомобильдің жүру уақытын 2 есе арттырса, онда оның қашықтығы
А) өзгермейді; В) 2 есе кемиді; С) 4 есе өседі; D) 2 есе өседі; Е) 4 есе кемиді.
18. Адам жолдың бірінші жартысын 5км/сағ, екінші жартысын 10км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Бүкіл жолдағы орташа жылдамдығы
А) 15км/сағ; В) 7,5км/сағ; С) 12км/сағ; D) 5км/сағ; Е) 6,7км/сағ.
19. Метроның эскалаторы 0,8 м/с жылдамдықпен қозғалады. Адам қозғалыс бағытымен эскала-торға қатысты 0,2 м/с жылдамдықпен жүріп бара жатып, жерге қатысты 40м-ге орын ауыстырды. Осы орын ауыстыруға кеткен уақыт
А) 40с; В) 50с; С) 30с; D) 200с; Е) 20с.
20. Биіктігі 10м мұнарадан 2м/с бастапқы жылдамдықпен тік төмен тасталған доптың қозғалыс теңдеуі (g=10м/с2) (ось дене қозғалысының бағытымен бағыттас).
А) х=10+2t - 5t2;
В) х=10+2t - 10t2;
С) х=2t - 10t2;
D) х=10 - 2t+10t2;
Е) х=10+2t+5t2.
Достарыңызбен бөлісу: |