Өзін өзі бақылау үшін тест тапсырмалары
1. Механикалық қозғалыс дегеніміз:
A) орын ауыстыру
B) жол өзгерісі
C) бір дененің екінші денеге қатысты қозғалысы
D) бір дененің екінші денеге қатысты уақыт өтуіне байланысты кеңістіктегі орнының өзгеруі
E) дененің уақыт өтуіне байланысты орнының өзгеруі
2. Санақ денесі дегеніміз:
A) кез-келген дене
B) бір-бірімен байланысқан денелер
C) қарастырылып отырған дене қозғалысын салыстыру үшін таңдап алынған екінші дене
D) басқа денелермен байланысы жоқ кез-келген дене
E) дұрыс жауап жоқ
3. Санақ жүйесі:
A) санақ денесі, онымен байланысқан координаталар жүйесі және сағаттан тұратын жиынтық
B) санақ денесі мен координаталар жүйесі
C) координаталар жүйесі мен уақыт өлшегіш құрал
D) санақ денесі мен уақыт өлшегіш құрал
E) декарттық координаталар жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: |