a. (5)
Ньютон зањдары. Ќозғалыс та, тыныштық та салыстырмалы екені белгілі. Егер дене бір санақ жүйесінде тыныштықта болса, сол мезетте екінші санақ жүйесіне салыстырмалы қозғалыста болуы мүмкін. Біз әзірге Жермен байланысқан және Жерге қарағанда тыныштық қалыптағы немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалған санақ жүйелерін қолданамыз. Себебі, кезінде Ньютонның бірінші заңы осындай санақ жүйелері үшін қорытылып еді.
Кез келген дене, оған басқа денелер әсер етпесе, өзінің тыныштық қалпын немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды.
Дене жылдамдығының тұрақты сақталу құбылысын (дербес жағдайда жылдамдық нольге тең) инерция деп атайды. Сондықтан Ньютонның бірінші заңын инерция заңы деп, ал ол заң орындалатын санақ жүйелерін инерциялық деп атайды. Исаак Ньютон Галилейдің қорытындысын барлық жағдай-лар үшін жалпылап, инерция заңын қозғалыстың негізгі заңдарының қатарына жатқызды. Сонымен, денені бірқалыпты түзусызықты қозғалыс немесе тыныштық күйінен шығару үшін оған басқа денелер әрекет етулері керек. Осыған байланысты денелердің өзара әрекетінің негізгі механикалық сипаттамасы – күш т‰сінігін қарастыруға енгізейік.Сонымен, күш – екі дене әрекеттескенде үдеу пайда болуын сипаттайтын физикалық шама.
Кµптеген тәжірибелерге қарағанда инерттілік қасиеті ерекше скалярлық шама массамен байланысты деген ой туады, яғни, масса – дене инерттілігінің өлшемі.
Динамиканың негізгі заңы деп аталатын Ньютонның екінші заңының математикалық өрнегі
(6)
Бұл заң «дененің алатын үдеуі оған түскен барлық күштердің теңәрекетті күшіне тура пропорционал, дене массасына кері пропорционал және теңәрекетті күшпен бір бағыттас» деп тұжырымдалады.
И.Ньютон динамиканың үшінші заңын былай тұжырымдаған: “Әр әрекетке оған тең және қарсы әрекет бар, басқаша айтқанда, екі дененің бір-біріне өзара әрекеті тең және қарама-қарсы бағытталған”.
Достарыңызбен бөлісу: |