Физика пәнін саналы оқытуда толықтырылған шынайлықты оқыту қҰралы ретінде қарастыру



бет5/7
Дата06.06.2023
өлшемі117,68 Kb.
#99149
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1403-99Z Текст статьи-4035-1-18-20221013 (1)

Зерттеу нәтижелері және талқылау
Аңдатпадағы болжамының шынайылығын, құрастырған Augmented Physics конструкторының көмегімен физика есептерін шешуге оқыту әдістемесі физика курсының оқу-әдістемесінің тиімділігін анықтау мақсатында зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімінде келесі жұмыстарды жүргізілді.
Ұсынылған Augmented Physics бағдарламасын көмегімен 7-10 сыныптарда физика есептерін шешуге оқыту әдістемесі негізінде Алматы облысы, Іле ауданы «№46 орта мектебі КММ», «№30 орта мектебі, КММ» «№45 орта мектебі КММ», 7-11 сынып оқушыларына сабақтар жүргізілді.
Сабақтардың негізгі формасы есептері теориясымен танысу бойынша дәрістер мен оларды меңгеріп, есептерді шешу бойынша практикумдар болды. Білім мен тапсырмалар мазмұны кейінгі тақырыптарды оқу алдыңғы тақырыптармен қамтамасыз етілетіндей құрылды. Сабақта фронтальды, топтық жұмыстар, ойын сабақтар ұйымдастырылды. Оқушылардың логикалық ойлау, визуальді пайымдау, талқылау, шығармашылық-логикалық дағдыларын дамытуға көңіл бөлінді.
Әр сабақта білу оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін сабақ тақырыбына сәйкес оқушылардың физика есептерін сала білу деңгейлері ауызша сұрау, алгоритмі бойынша программада салу немесе карточкалар көмегімен дәптерге сала алатыны анықталды.
Түсіну деңгейін сәйкес есептердің берілгені бойынша жасалған сызбаны, сызба бойынша салу есебінің берілгенін, алгоритмін табуға немесе екеуін де беріп оларды сәйкестендіруге тапсырмалар орындалды, уақыт үнемдеу мақсатында карточкалар қолданылды.
Қолдану оқу мақсатына сәйкес салу есептерін шығару дағдысы қалыптастырылды.
Талдау оқу мақсаты бойынша оқушылар бірінің тапсырмаларын бірі тексерді, кей есептерді тиімді әдіспен шығары, талдады.
Синтез оқу мақсатының деңгейіне сай оқушыларға сәйкес оқу материалын тұтас, жинақталған түрде қолданып шығаруға есептер құрастыру тапсырмасы берілді. Оқушылардың құрастырған есептерін талдау олардың сабақта қарастырып шешкен салу есептерін негізге алғандарын көрсетті.
Бағалау деңгейіде сәйкес физика маңызы туралы пікірлерін білдіру, олардың қарастырылған дәлелдеулерінен басқа дәлелдеулерін табу сияқты тапсырмалар жасалды.
Соңғы сабақта берілген материалдың меңгерілу деңгейін тексеру мақсатында қорытынды бақылау алынды.
Сабақта қарастырылған әдістерді қолдану кезінде қиындық туындататын негізгі мәселе – күрделілігі жоғары ойлау физика есептері болды. Сондықтан да, дәріс сабақтарында бұл есептерге ерекше көңіл бөлінді. Осы орайда оқушыларды күрделі есептерін есте сақтау техникасымен таныстырудың маңызы зор. Бұл техникада толықтырылған шынайылақ салу есептерін шешу мүмкіндігін де қарастырдық. Сабақтарда қолданылған тапсырмалар мен әдістер физиканы оқып-үйретуге, есептерді шешуде қолдану дағдыларын қалыптастыруға, және логикалық-шығармашылақ дағдыларды дамытуға бағытталды.
Жұмыстың эксперименттік бөлімінде 7-10 сынып оқушыларының физика есептеріне арналған әдістеменің тиімділігін анықтау мақсатында бақылау алынды. Бақылау екі рет алынды: біріншісі оқушылар осы жасалған салу есептеріне aUGMENTED REALITY қолданып оқыту әдістемесі бойынша оқымай тұрып, екіншісі осы әдістемемен оқығаннан кейін. Осы әдістемемен оқымай тұрып бақылау алу мақсатымыз оқушылардың берілген тапсырмаларды қандай әдістермен шешетінін көру болды.
Оқушылардың есептерді шығару кезінде қандай әдістерді қолданғанын көру үшін бақылау жазбаша түрде жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет