«Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



бет2/2
Дата14.03.2023
өлшемі225,75 Kb.
#73952
1   2
Байланысты:
9 сынып соч 3 тоқсан

Жалпы балл: 25 балл

«Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
2-нұсқа
Аты-жөні:___________________________________________________________________

  1. Суретте көрсетілген жүйелердің қайсысы тербелмелі жүйеге жатпайды?


[1]
2. а) Резонанс дегеніміз:
A) Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кезде еріксіз тербелістер амплитудасының кенет артуы;
B) Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі сәйкес келмеген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет артуы;
C) Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кезде еріксіз тербелістердің бұрыштық жылдамдығының кенет артуы;
D) Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кезде еріксіз тербелістердің периодының кенет артуы;
[1]
ә) Графикте тербелі жүйе көрсетілген.

А) Тербелістің циклдік жиілігін анықта [1]
В) Гармоникалық тербеліс теңдеуін жаз [1]

c)Меншікті жиілігін анықта [1]


3. а) Шамалар мен олардың өлшем бірліктерін сәйкестендіріңіз: [3]

Шамалар

Өлшем бірліктер

1.толқын ұзындығы

А)рад/с

2.энергия

В)Дж/с

3.бұрыштық жылдамдық

С) м/с2




Д) м




Е) Дж




F)Н*м


ә) Бірінші автокөліктің массасы екіншісінен 18 есе артық ,ал жылдамдығы 6 есе кем .Олардың кинетикалық энергияларының қатынасы? [3]

4. Жібінің ұзындығы 0,99 м математикалық маятник1 мин 40 с-та 50 толық тербеліс жасайды.Еркін түсу үдеуінің Жер бетіндегі мәнін анықтаңыз.( π2 = 9,87.) [4]


5. Егер үйдің әр қабатының биіктігі 500см болса, онда баспалдақпен бірінші қабаттан төртінші қабатқа дейін массасы -60 кг адам көтерілгенде , ауырлық күшінің атқаратын жұмысын және қандай жылдамдықпен көтерілгенін тап. [4]


6.а)Дыбыстың пайда болу шартын жазыңыз [1]


ә) дыбыс толқынның қай түріне жатады? [1]

б) Дыбыс биіктігі қандай шамадан тәуелді? [1]


7. Массасы 20 кг, тыныш тұрған арбаның үстінде массасы 60 кг адам тұр. Егер адам арбаның үстінде, арбамен салыстырғанда 1 м/с жылдамдықпен жүре бастаса, арба жермен салыстырғанда қандай жылдамдықпен қозғалады? [3]

Жалпы балл: 25 балл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет