10.3.1.1 - электр зарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану
10.3.1.3 - зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану
10.3.1.8 - конденсатор сыйымдылығының оның параметрлеріне тәуелділігін зерттеу;
10.3.1.10 - электр өрісінің энергиясын есептеу
Тапсырмалар Екі бірдей заряд ауада бір-бірінен 0,05 м қашықтықта 1,2·10−4Н күшпен әсерлеседі.
Зарядтардың шамасын есептеңіз.
Осы екі зарядты диэлектрлік өтімділігі εсұйыққа бір-бірінен 0,05 м қашықтыққа орналастырады.
Зарядтардың арасындағы әрекеттесу күші қалай өзгеретінін сипаттаңыз.
Зарядтар диэлектрикте бір-бірінен 0,12 м қашықтықтан өзара 1,5·10−5Н күшпен әрекеттеседі деп алып, сұйықтың диэлектрлік өтімділігін анықтаңыз.
Әр аттас зарядталған пластиналар арасына зарядталмаған өткізгіш шарды орналастырып, көрсетілген бағыт бойынша қозғалысқа келтірсе, қандай өзгерістер болатынын тұжырымдаңыз.
Кернеулігі 1,2 Н/Кл біртекті электр өрісінде заряды –3 мкКл-ға тең тозаң тепе-теңдік қалпын сақтаған. Тозаңның массасын анықтаңыз. Электр өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетіңіз.
С1конденсаторы бір-бірінен 4 мм қашықтықта орналасқан, қырының ұзындығы 10 см шаршы түріндегі жазық параллель пластиналардан тұрады. Ал С2конденсаторы бір- бірінен 1 мм қашықтықта орналасқан, қырының ұзындығы 5 см шаршы түріндегі жазық параллель пластиналардан тұрады.
Осы конденсаторлар сыйымдылықтарының қатынасын анықтаңыз.
Егер С2конденсаторының астарларының арасын маймен толтырса (ε=2,1) сыйымдылықтар қатынасы қалай өзгеретіні туралы дәлелді қорытынды жасаңыз.
5.
Электр сыйымдылығы ұғымына анықтама беріңіз.
Конденсаторлар қолданылуының бір себебі – олардың электр энергиясын сақтауға болатыны. Конденсаторларда электр энергиясы қалай сақталатыны туралы қысқаша түсіндіріңіз.
Сыйымдылығы 1200 мкФ конденсатордың астарлары арасындағы потенциалдар айырымы 50 В-тан 15 В-қа дейін өзгергенде конденсатордағы электр энергиясының өзгерісін есептеңіз.