«Физика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып



бет13/23
Дата18.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#43938
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
«Физика» п нінен б лім бойынша жиынты ба алау а арнал ан дісте

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының физикалық мағынасын сипаттайды

1(a)

шық нүктесіне анықтама береді;

1

1(b)

шық нүктесінің ауа-райын болжауда қолданылуын түсіндіреді;

1

1(c)

ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды;

1

Сұйықтың беттік керілу коэффициентін есептейді

2

тамшының үзілу шартын қолданады;

1

беттік керілу күшінің формуласын қолданады;

1

беттік керілу коэффициентін анықтайды;

1

Кристалл және аморф денелердің
айырмашылығын түсіндіреді

3

кристалдар мен аморф денелердің үш айырмашылығын көрсетеді;

3

Қатты заттың
механикалық қасиетін сипаттайды

4(a)

осьтер дұрыс белгіленіп, өлшем бірлігі көрсетілген;

1

нүктелер дұрыс қойылған (мәндерге сәйкестік, нүктенің өлшемі);

1

сапалы, дұрыс сызылған жұқа сызық;

1

4(b)

графиктен Гук заңының орындалу аумағын белгілейді;

1

4(c)

жұмыстық формуланы қолданады;

1

графикті тиімді қолданады;

1

Юнг модулінің мәнін есептейді.

1

Жалпы балл

16

«Сұйық және қатты денелер» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының физикалық мағынасын сипаттайды

Шық нүктесіне анықтама беруде, шық нүктесінің ауа-райын болжауда қолданылуын түсіндіруде, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауда қиналады.

Шық нүктесіне анықтама беруде/ шық нүктесінің ауа-райын болжауда қолданылуын түсіндіруде/ ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауда қателіктер жібереді.

Шық нүктесіне анықтама береді, шық нүктесінің ауа-райын болжауда қолданылуын түсіндіреді және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын дұрыс анықтайды.

Сұйықтың беттік керілу коэффициентін есептейді

Тамшының үзілу шартын көрсетуде/ беттік керілу күшінің формуласын қолдануда/ беттік керілу коэффициентін анықтауда қиналады.

Тамшының үзілу шартын көрсетуде/ беттік керілу күшінің формуласын қолдануда/ беттік керілу коэффициентін анықтауда қателіктер жібереді.

Тамшының үзілу шартын көрсетеді, беттік керілу күшінің формуласын қолданады және беттік керілу коэффициентін дұрыс анықтайды.

Кристалл және аморф денелердің айырмашылығын түсіндіреді

Кристалдар мен аморф денелердің үш айырмашылығын сипаттауда қиналады.

Кристалдар мен аморф денелердің үш айырмашылығын сипаттауда қателіктер жібереді.

Кристалдар мен аморф денелердің үш айырмашылығын дұрыс сипаттайды.

Қатты заттың механикалық қасиетін сипаттайды

Серпімділік күшінің созылуға тәуелділік графигін сызуда, графиктен Гук заңының орындалу аумағын белгілеуде, Юнг модулінің мәнін анықтауда қиналады.

Серпімділік күшінің созылуға тәуелділік графигін сызуда/ графиктен Гук заңының орындалу аумағын белгілеуде/ Юнг модулінің мәнін анықтауда қателіктер жібереді.

Серпімділік күшінің созылуға тәуелділік графигін сызады, графиктен Гук заңының орындалу аумағын белгілейді және Юнг модулінің мәнін дұрыс анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет