«Сұйық және қатты денелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.2.4.1 Гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның
салыстырмалы ылғалдылығын анықтау
Сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әртүрлі тәсілдермен анықтау
Әртүрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату
Серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының физикалық мағынасын сипаттайды
Сұйықтың беттік керілу коэффициентін есептейді
Кристалл және аморф денелердің айырмашылығын түсіндіреді
Қатты заттың механикалық қасиетін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1.
Шық нүктесі ұғымына анықтама беріңіз.
Неліктен метеорологтар жауын-шашынның түсуін болжау кезінде дәлірек ақпарат алу үшін шық нүктесін қолданатынын түсіндіріңіз.
Ауаның температурасы 200С, шық нүктесі 100С. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын есептеңіз.
Пипетка көмегімен 3,6 г майдан 304 тамшы алынды. Пипетка ұшының диаметрі 1,2 мм. Майдың беттік керілу коэффициентін анықтаңыз.
Кристалл және аморф денелердің үш айырмашылығын көрсетіңіз.
Сым вертикаль бағытта бір ұшынан бекітілген. Екінші бос ұшына жүктерді арттыра отырып іледі, сол кездегі сымның созылуы төменде кестеде берілген.
Жүк/Н
|
0
|
2,0
|
4,0
|
6,0
|
7,0
|
8,0
|
9,0
|
10,0
|
10,5
|
Созылу/мм
|
0
|
1,2
|
2,4
|
3,6
|
4,2
|
4,9
|
5,7
|
7,0
|
8,0
|
Сымға әсер етуші күштің сымның созылуына тәуелділік графигін сызыңыз.
Өз графигіңізден Гук заңы орындалатын аумақты белгілеңіз.
Созылмаған сымның ұзындығы 1,6 м, көлденең қимасының ауданы 8,0 ∙ 10−8 м2. Берілген ақпараттар мен өз графигіңізді пайдаланып, осы сым үшін Юнг модулінің мәнін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |