Тапсырмалар 1. Суретте берілген құрылғының Х металл бетіне монохроматты ультракүлгін сәулесі келіп түседі.
Монохроматты ультракүлгін сәуленің Х металл беттен түсуі салдарынан электрон шығып
У электродының бетінде жиналады.
(а) Жоғарыда көрсетілген құбылыс қалай аталады?
(b) Бұл құбылыстың техникада қолдану аясына мысал келтіріңіз.
Мыс үшін фотоэффектінің ұзын толқынды шекарасы (қызыл) 282 нм. Электрондардың мыстан шығу жұмысын табыңыз.
Егер жапқыш кернеу 0,8 В-қа тең болса, онда катодтан жұлып шығарылған фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы қанша?
Фотоэлектрондардың ең үлкен жылдамдығы 2 Мм/с болуы үшін цезийдің бетіне толқын ұзындығы қандай сәулелерді жіберу керектігін анықтаңыз. Цезийдан электрондардың шығу жұмысы 1,8 эВ.
Радий элементінің үлгісі α, β және γ сәулелерді шығарады. 5.1 суретте бұл радиоактивті сәулелердің магнит өрісіндегі траекториялары көрсетілген. Осы суреттегі тіктөртбұрыштардың ішіне радиоактивті сәулелердің атын жазыңыз.
Радиоактивті үлгінің көзі 5.1-сурет
Иондаушы сәлеленудің әртүрлі типі бар. Әр типтің қасиетін кестеге толтырыңыз.
(а) Альфа бөлшектердің шашырауы жөніндегі тәжірибелердің нәтижелері бойынша Резерфорд атомның құрылымы туралы қорытынды жасайды. 9.1 суретке қараңыз.
9.1 сурет
(b) Резерфорд тәжірибесінде өте көп сандағы альфа бөлшектер алтын фольга арқылы өткенде бағытын өзгертпейді, яғни шашырамайды, бірақ кейбір альфа бөлшектер алтын фольга арқылы өткенде 900-тан кіші бұрыштарға шашырайды. Бұл бақылау бойынша Резерфорд қандай қорытынды жасайды?