Механикалық жұмысты графиктік тәсілдермен анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты
25 минут
Тапсырмалар (а) Дене импульсі неліктен векторлық шама екендігін сипаттап жазыңыз.
(b) Жеңіл автокөліктің алдыңғы бөлігі соққы кезінде деформацияға ұшырайтындай етіп жасалынады.
Массаы 1200 кг болатын жеңіл автокөлікті сынақтан өткізу барысында бетоннан жасалған қабырғаға соқтығысқаны көрсетілген.
Сынақтан өткізу барысында жазып алған бейнекөрініс арқылы жеңіл автокөлік пен бетоннан жасалған қабырға арасындағы соққы 0,36 с созылғандығы анықталды. Соқтығысқанға дейінгі жеңіл автокөліктің жылдамдығы 7,5 м/с. Соққы абсолют серпімді. Жеңіл автокөлік импульсінің өзгерісін анықтаңыз.
Боулинг шары 3 с бойы домалап келіп кегелге тиеді.
Графикте боулинг шарының жылдамдығының уақытқа тәуелділігі көрсетілген.
График арқылы шар мен кегелдің арасындағы арақашықтықты анықтаңыз.
Боулинг шарының массасы 6,4 кг.
(і) Дене импульсінің теңдеуін жазыңыз.
(іі) Боулнинг шарының кегелге соғылғанға дейінгі импульсін анықтаңыз. (с) (і) Боулинг шарының кегелге тигеннен кейінгі жылдамдығын анықтаңыз.
(іі) Боулинг шары мен кегель соқтығысқаннан кейін бірдей жылдамдыққа ие болатын болса және бір бағытқа қарай қозғалса, кегельдің массасын анықтаңыз.
Металдан жасалған білеуше суретте көрсетілгендей ВD болатын өрден сырғанап DE бөлігін өтіп барып, ЕF көтеріледі. ЕF бөлігі кедір-бұдырлы, сол себепті білеуше F нүктесіне жетіп тоқтап қалады.
Суретті пайдалана отырып, жылдамдықтың уақытқа қатысты графигін сызыңыз. Графикте D, Е және F нүктелері болуы қажет.
Блок массасы 0,2 кг. В мен А нүктелерінің арасы 0,6 м. Еркін түсу үдеуі 10 м/с2. (і) АВ бөлігіндегі білеушенің атқарған жұмысын анықтаңыз.
(іі) С нүктесіндегі білеушенің жылдамдығы 2,5 м/с. С нүктесіндегі кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
Винтовкадан тік жоғары қарай 0,020 кг болатын оқ атылды. Оның ұңғыдан шыққан жылдамдығы 350 м/с.
Есептеңіз:
Мылтық ұңғысынан шыққан кездегі оқтың атқарған жұмысын.
Оқтың көтерілу биіктігін анықтаңыз.
Суретте су тамшысының ауырлық күшінің әсерінен төмен қарай бағытталғаны көрсетілген.
Егер жапырақ пен Жерге дейінгі арақашықтық 15 м болса, жапырақтан түсіп келе жатқан 20 мг болатын су тамшысына әсер ететін ауырлық күшінің атқаратын жұмысы қандай болатындығын анықтаңыз.