Жарықтың шағылу заңы тақырыбы бойынша есептер шығару алгоритмі Есептің шартын бейнелейтін суретті салыңдар.
Нүктенің кескінін салыңдар (осы нүктеден шығатын екі сәуленің жолын көрсетуге жеткілікті). Дененің кескінін алғанда оның негізгі нүктелерінің кескінін алу қажет екенін ұмытпаңдар (мысалы, үшбұрыш үшін үш төбелерінің нүктелерінің кескінін алып өзара түзулермен қосуға жеткілікті).
Анықталатын шамаларды есептеңдер.
Математика курсынан қайталаңдар: орталық және осьтік симметрия, нүктеден түзуге дейінгі қашықтық, бұрыш биссектрисасының қасиеттері, үшбұрыштардың ұқсастық белгілері.
Жарықтың шағылу заңы тақырыбына арналған жадынама
Түсу және шағылу бұрыштар сәулелер мен жазықтыққа түсірілген перпендикуляр арасында өлшенеді.
Шағылу заңы жарық сәулелерінің кері жолына да орындалады.
Жазық айна – тегіс жазықтық.. Осындай жазықтыққа түскен параллель сәулелер шоғы шоғылғанда параллель болып қалады.
Дененің айнадағы кескіні оны құрайтын нүктелерінің жиынтығы.
Жазық айнадағы дененің кескені тура, жалғап, дененің өлшеміндегі және айна жазықтықтығына қатысты симметриялы орналасады.
Жарықтың сыну заңы тақырыбы бойынша есептер шығару алгоритмі Суретте бір ортадан екінші ортаға көшетін сәулелер жолын салыңдар.
Сынған сәулені салмас бұрын ол тығыздығы үлкен ортадан тығыздығы кіші ортаға әлде керісінше өтетіндігін анықтаңдар.
Сәуленің бір ортадан екінші ортаға әр көшу жағдайы үшін сыну заңының формуласын жазыңдар.
Көмекші (қосымша) формулаларды жазыңдар.
Анықталатын шамаға байланысты теңдеуді шешіңдер.
Нәтижені талдап жауапты жазыңдар.
Математика курсынан қайталаңдар: нүктеден түзуге дейінгі қашықтық, Пифагор теоремасы, косинустар және синустар теоремасы, тригонометриялық формулалар.