Физика пәнінен зертханалық жұмыстар жинағы (оқу әдістемелік нұсқаулық) Шымкент 2018 Алғы сөз «Физика бөлімі бойынша зертханалық жұмыстарының жиынтығы»



бет2/16
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Физика лаб

Қателіктер теориясы


Жұмыстың мақсаты: Өлшеулерді жасаған кездегі қателіктерді есептеулерді оқып үйрену


Лабораториялық жұмыстарды орындау тәртiптер

Алғашқы орындалатын лабораториялық сабақтар - бұл фронтальды түрде орындалатын жұмыс- қателіктер теориясы болып табылады.

Студент лабораториялық жұмысты орындауда механика лабораториясынан бастайды. Сондықтан алғашқы сабақта лабораториялық өлшеулердiң мақсаты, оларды орындау тәртiбi және механика лабораториясындағы жұмыстардың мазмұны айтылады. Студенттердiң тiзiмi журналға түсiрiлiп,олар лабораториядағы қауiпсiздiк техникасы ережелерiмен танысады.

Алғашқы сабақтар, атап айтқанда қателiктер теориясы жӘне қарапайым өлшеулерге арналған сабақтар фронтальды әдiспен жүргiзiледi. Келесi сабақтарда студент жасайтын жұмысын лабораториядағы семестрлiк графиктен бiлiп отырады. Студент лабораториялық жұмысты орындау үшiн керектi құралдармен күнi бұрын танысып, алдын-ала орындайтын жұмыстың теориясын меңгерiп, өзiнiң лабораториялық сабаққа арналған дәптерiне төмендегi схема бойынша қысқаша конспектi жасауы қажет. Негiзгi теориялық мағлұматтар, негiзгi есептеу формулалары, тапсырмалар жӘне оларды орындау реттерi, қателiктердi есептеуге арналған формулалар, өлшеулер нӘтижесiн түсiретiн кестелер дӘптерге түсірілуі қажет.

Әрбiр сабақ студенттiң лабораториялық жұмысты жасауға дайындығын тексеруден басталады. Дайындықсыз келген студент жұмыс жасауға жiберiлмейдi. Жұмысты орындауға жiберiлген студенттер лаборанттан керектi өлшеу приборларын алып, жұмыстың схемасын құруға кiрiседi. Құралдарды дайындап, қажет схеманы құрып, оның дұрыстығын оқытушыға тексерткеннен кейiн ғана студент тӘжiрибелiк өлшеулердi жұргiзудi бастайды. Жұмыстың соңында студент өлшеулер нӘтижесiн оқытушыға көрсетiп, алған приборларды лаборантқа өткiзедi, жұмыс орнын ретке келтiредi.

Орындалған жұмыстар бойынша сынақ алу үшiн студент Әрбір жасалған лабораториялық жұмыстардың соңындағы теориялық бақылау сұрақтарына жауап берiп, жұмыстың теориясын жӘне тӘжiрибе барысында қамтитын есептеулердi тапсырып, сол жасалған жұмыс бойынша жiберiлген қателiктi табу керек, алынған нӘтижелерге анализ жасауы қажет.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет