Физика сабағында мақал-мәтелдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру



Pdf көрінісі
Дата06.02.2017
өлшемі177,56 Kb.
#3552

    Физика сабағында мақал-мәтелдерді тиімді қолдану арқылы              

оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру 

 

  Физикалық құбылыстарды қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып 



үйренуде қолдану - бір-бірінен бөліп алуға болмайтын үш міндет атқарады. Олар білім 

беру, оның тәрбиелік мәні мен бала танымын кеңейту міндеттері. Жалпы физиканы 

оқытуда бұл міндеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктері баршылық. Әр пәнді оқыту 

кезінде сабақты қазақ халқының тұрмысы, әдет-ғұрпы, үлгілі дәстүрлерімен шебер, 

ұштастырып, шәкірт бойында ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезімін 

қалыптастыру, оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да, пәрменді жүргізуге күш 

салу-пән мұғалімдерінің басты парызы. Осы орайда ұлттық ерекшеліктер ұғымын 

жалаң тұрғыда емес, физикалық құбылыстарға үйлесімділікпен енгізу, яғни 

физикалық ұғымдарды ұлттық таным-талғам арқылы танудың маңызы зор. 

    Тақырыптарға сай ұлттық бұйымдардың (киіз үй, ұлттық киімдер, ат бзелдері, бесік, 

күнделікті тұрмысындағы ертеден келе жатқан ыдыстар, т.б.)ерекшеліктерін 

физикалық тұрғыдан түсіндіру; кейбір мақал- мәтелдердің, жұмбақтар мен ән 

жырлардағы өлең жолдарының физикалық мазмұны бар екендігіне көз жеткізу, т.б. 

әдістерді қолдануға болады. Енді мен солардың біеуіне ғана тоқталайын. Физика 

сабағында мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызыңушылығын 

арттырып шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады. 

  Мақал-мәтел адам баласының тұрмыс тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек 

әрекетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым қатынасын дөп басып шынайы 

көрсетіп отырған. Мақал мәтелдердің ескірмес, тот баспас қасиеті оның бейнелеу, 

теңеу, суреттеу ерекшеліктеріне жете көңіл бөлінгендігінде. Сондықтан да, олардың 

зор дидактикалық және тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар кейбір мақал мәтелдерде 

табиғат құбылыстары, құбылыстар арасындағы өзара байланыс өте айқын беріле 

білген.  

Сегізінші сыныпта «Жылу берілудің түрлері» тақырыбын өткенде мынандай мақал 

мәтелге талдау жасадым «Қол жұмылмай жылынбайды». Мақалдың тәрбиелік мәні, 

әрбір алға қойылған іс әрекеттің ойдағыдай, табысты орындалуы үшін бірліктің, 

ынтымақтастықтың қажеттілігі туралы болса, ал физикалық тұрғыдан адам жылуды 

алақаны арқылы бере алатындығы және жылу берілудің дененің ауданына тәуелділігі,  

қол жұмылғанда жылудың ұзағырық сақталатындығын байлпныстыра түсіндіруге 

болады. Тағы бір мақал «Жұпарды жасыра алмайсың». Тәрбиелік мәні жақсының 

жақсылығын жасырғанмен ел таниды. Адал адам қашанда жақсы ықыласқа 

бөленетіндігі меңзеледі. Ал, физикалық мәнін былый түсіндіруге болады. Жұпардың 

иісінің молекулалары ауа молекулаларымен араласып таралатындықтан диффузия 

құбылысы болып өтеді, сондықтан жасырылған жұпарды иісінен тануға 

болатындығын талдап түсіндірдік.  

         

 

 

 



 

 

 





                     Мақал мәтелдер 

 

  

     Мақал –мәтел адам баласының тұрмыс тіршілігіне терең еніп , халықтың өмірін , 

еңбек әрекетін , оның табиғат құбылыстарымен қарым қатынасын шынайы көрсетіп 

отырады.Мақал мәтелдерде теңеу , суреттеу жете көңіл бөлінеді.Табиғат құбылыстары 

арасындағы  өзара байланыс айқын көрінеді. 

  

          Физикалық шамаларды өлшеу: 



 

-Жеті рет өлшеп, бір рет кес. 

-Қарыстан сүйем жуық. 

-Гауһарды мысқылдап өлшейді. 

 

         Диффузия 



 

-Бір құмалақ бір қарын майды шертеді. 

-Жұпарды жасыра алмайсың 

 

          Молекулалардың өзара тартылуы және тебілуі. 



 

-Бүргені тұту үшін де бармағыңды сулайсың. 

-Білтесіз шырақ жанбайды, жігерсіз жігіт оңбайды. 

-Ағаш тамырынан су ішеді. 

-Орындалмаған уәде судағы жазу секілді. 

-Бос қап тік тұрмас 

 

          Механикалық қозғалыс: 



 

-Шапқан озар, жатқан қалар. 

-Қимылдаған қыр асар. 

-Тура жол ең қысқа жол. 

-Аттыға жаяу жлолдас болмас. 

 

           Инерция. 



 

-Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер. 

-Сабы бос шотпен отын жарма, сабырсыз доспен жауға барма. 

-Қоянды аяғы, қасқырды аузы асырайды, түлкіні құйрығы құтқарады. 

-Шапшаң жүргенде шаң жұқпас. 

-Жапалақты тасқа ұрсаңда жапалақ өледі. 

Таспен жапалақты ұрсаңда жапалақ өледі. 

-Пішенді салқында шап, қойды салқында бақ. 

 

         


 

 





                    Күш 

 

-Биіктен төмен жүгіру оңай, ал төменнен өрге жүгіріп көр. 

-Төбеге төмменнен су ақпас, ұзақтан үрген  ит қаппас. 

-Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. 

-Бидайдың кеудесін көтергені, дақылы жоқтығы, 

Жігіттің кеудесін көтергені, ақала жоқтығы. 

 -Мәуелі ағаш майысқақ. 

-Иін ағаш иілгенмен сынбас. 

-Шешен сөзінен сынады, ине көзінен сынады. 

-Жіп жіңішке жерінен үзіледі. 

 

        Үйкеліс күші: 



 

-Саусақ бірікпей, ине ілінбейді. 

-Етікті нәл сақтайды,жігітті әл

 

сақтайды. 



-Тар киім тез тозар. 

-Найза салу ерліктен, ат жауыры терліктен. 

        

        Архимед күші: 

 

-Отты май құйып өшірмес болар. 

-Суға тамған май батпас. 

-Сүт тасыса қаймағы төгілер, ашу тасыса ақылы төгілер. 

-Өтірік иін ағаш сияқты. 

-Екі ұшын суға салсаң ортасы көрінеді, 

-Ортасын батырсаң екі ұшы көрінеді. 

Кемені суға дария батырмайды, дауыл батырады. 

 

     Қысым: 



 

Қатты бұтаққа өткір балта керек. 

Бізді қапқа жасыра алмайсың. 

 

     Қатынас ыдыстар: 



 

Дария жанынан құдық қазба. 

 

     Механикалық жұмыс: 



 

Күшіне қарай ісі. 

Күші жоқ итте жүгірмес. 

Қара күш айлағабас иеді. 

 

 


 

 



     Күш моменті: 



 

Терек қисайған жағына жығылады. 

Биік ағаш бұрын құлайды. 

Ағаш ұстаған жерінен сынбас. 

Жел тұрды десе, үйіңе арқан сал, 

Жау келді десе, қарығы қалқан сал. 

-Екі аяқты адам түгіл, төрт аяқты мал да сүрінеді. 

-Екі тізгін жоқ болса,ат басын адам бұралмас. 

Екі тартпа жоқ болса,  

Ат үстінде ер тұра алмас 

Екі үзеңгі жоқ болса, 

Атқа адам міне алмас. 

Бәрі бірдей сай болса, 

Шайтан түгіл жын алмас 

-Ошақтың бір аяғы сынса, 

Қазандағы ас төгіледі. 

-Тасаақаны төңкерген соң,  

Өлтірудің не керегі бар 

-Кетпеннің басын бассаң, 

Сабы маңдайыңа тиер. 

-Тарының дәні де таразының табағын төңкеріп тастайды. 

 

      Жылу берілудің түрлері: 



 

-Тонның жылуы терісінен емес жүнінен 

-Астарды шапан тоңдырмас, 

Үш өрім жіп үзілмес. 

-Көсеу ұзын болса, қол күймейді. 

-Көктеректің жапырағы желсізде  де «сыбдырлайды». 

-Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды. 

-Қол жуылмай – жылынбайды. 

-Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. 

-Ескі мұз – ерігіш, жаңа дос жерігіш. 

 

           Қатты денелердің балқуы және қатаюы: 



 

-Тау мен тасты су бұзады, 

Адамзатты сөз бұзады. 

-Мезгілі жеткенде мұзда ериді. 

-Отқа салса темір де балқиды. 

-Қар жауды деп қуанба аязы бар.. 

 

 

 



 

 





           Булану және конденсация: 

 

-Жазда апта бойы суланса,  

Бір түнде кебеді 

Күзде бір күн суланса, апта бойы кебеді. 

-Күн шыққан соң суарған суды, күн жұтады. 

Күн батқан соң суарған суды, жер жұтады. 

-Аузы күйген үрлеп ішеді. 

-Быламық бетінен суыйды, 

Көже түбінен суыйды. 

-Дән себілмей астық өнбейді,  

Дария буланбай шық түспейді.  

 

         Қайнау: 



 

-Болат қайнауда шынығады,  

Батыр майданда шынығады. 

-Ыстықтан су қайнайды. 

 

         Отын энергиясы: 



 

-Өзі сөнейін деп тұрған отқа су бүрікпе. 

-Отты үрлеген жағады, 

Шындықты іздеген табады. 

-От пен су біріне-бірі – у. 

-Теректің жануында мін жоқ, 

Бірақ жылуында мән жоқ. 

-Азықсыз адам алысқа бармайды. 

-Ас адамның қуаты, 

Ат адамның қанаты. 

 

          Электр заряды: 



 

-Найзағай биік ағашты бұрын соғады. 

-Ашық күнгі найзағай секілді. 

-Жалғыз еменге жай түскіш. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 





                               А Ң Ы З  Ә Ң Г І М Е Л Е Р 

 

 



 

        Көркем әдебиеттер,тарихи деректердеі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар  

аңыз әңгімелер арқылы түсіндіру оқушылар қабылдауына өте жақсы әсер етеді. 

 

                                          Алдар Көсе қонақта 

 

 Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шық бермес шығайбайдың үйіне келеді. 



    Алдар Көсе ұзақ әңгіме айтып, көп отырып қалады да, бай оны шайға шақырады. 

Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып 

әкеліп дастарханға қойып былай дейді: 

   - Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмдірек, сондықтан да, бауырсақты тез суып 

қалмас үшін мына темірден өріп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім. Дәмінен ауыз 

тиіңіздер. 

    Сонда көпті көрген қу Алдар былай деп жауап қайтарады: 

Жоқ қарындасым сіз қателесесіз. Темір ыдыста бауырсақ тез суыйды, ал бауырсақ тез 

суымасын десеңіз, бауырсақты ағаштан өріліп жасалған ыдысқа салғаныңыз жөн болар 

еді. 


Алдар шәйға қанып алып, орнынан тұрып кетуге ыңғайланады. Үй иесі есікті ашқаны 

сол еді, үйге бір мысық кіре кетті. Алдардың көзі кірген мысыққа түсті, мысыққа 

қарады да, құлақшынын алып жатып былай дейді: 

    Құлақшынымды кие шығайын далада суық екен. 

     

    Жауабы: Ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ  баяу суыйды, өйткені ағаштың жылу 



өткізгіштігі металдікінен аз. 

       Үйге кірген мысықтың жүніне қарап Алдар далада күннің суық екенін білді. Күн 

суықта мысық жүнін үрпитіп , торсыйтады, оның арасында көбірек ауа жинай түседі. 

     


 

                                                Асханадағы ауа- райы 

 

   Алты жасар Айнұрға шешесі неліктен жаңбыр жауатынын түсіндіріп жатыр. Қанша 



түсіндірсе де Айнұрдың түсінетін түрі жоқ. Қатты шаршаған шешесі қызды асханаға 

алып келіп: 

  - Міне, қызым қара қазандағы су қайнағанда, қазанның қақпағына бу келіп қонады, 

содан соң ол салқындайды да тамшыға айналып қайтадан қазандағы суға келіп 

қосылады. Жаңбыр дәл осылайша жауады, енді түсіндіңбе? 

  Айнұр қуанғанынан:  

  - Міне, енді түсіндім, неліктен жаңбыр жауатынын! Оны адамдар жасайды екен! 

 

                                             



 

 

 





                                            Алдар Көсе қонақта 

 

   Бірде Алдар Көсе байдың үйіне қонаққа келеді. Үйде Алдар Көсе баймен сөйлесіп 

көп отырып алады. Ал байдың бәйбішесі сырттағы самаурындағы шәй қайнаса да, 

отын бәсеңдетіп, шәйді үйіне алып кірмей (Алдар кететін шығар деп) отыра береді. 

Біраз уақыттан кейін Алдар:  

   -Бәйбіше, сырттағы самаурындағы шәй қайнап жатыр, - деген екен.  

    Сонда асып-сасқан бәйбіше: 

-

 



Оны қайдан көріп отырсың, қу Алдар? - деген екен. 

Байдың бәйбішесі дастарханға шәй алып келіп, кесеге құйып қонаққа шәй ұсынады. 

Алдар алдына келген шәйға бірден шекерді салып жатып:  

  -Мен шәйді ыстық ішенді жақсы көрем, сондықтан шәй тез суып қалмас үшін, 

шекерді ыстық шәйға бірден салған дұрыс, - дейді. 

 

  Жауабы:  Шәй қайнағанда , судағы ауа көпіршіктері су бетіне көтеріледі де, су 



бетіне жеткенде жоғарыдағы атмосфералық қысымның әсерінен жарылады, өзіне 

тән дыбыстар шығарады да ыдыс қақпағын көтереді. 

    Шәй тез суып қалмау үшін шекерді бірден салған дұрыс.Шәйдің температурасы 

бірден төмендейді де, шәй өтқ жай суыйды. 

 

                       Тұтқынның тапқырлығы 

 

     Көркем әдебиеттер,тарихи деректердеі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар 

оқушылар қабылдауына өте жақсы ісер етеді. Мысалы.»Сұйықтардың құбыр 

ішіндегі қозғалысы.Бернулин заңын»өткенде оқушыларда эмоциялық және 

проблемалық жағдай туғызу үшін мынадай қызықты оқиғаны айтып кетуге болады. 

   «Патша сарайының үлкен бөлмесінде бір тұтқынды әкеліп тастады.Оны 

жазалауға әзірленіп жатыр.Жазалау алдында бас уәзір тұтқынға былай дейді:   

Ертеден келе жатқан ұлы жұмбақтың шешуін тапсаң Алла саған өмір сыйлайды 

деді. 

    Тұтқын қатты күрсінді. Уәзір бөлме ортасында шынжырға ілінген ыдысты 



көрсетті. Ыдыс түбіндегі тығынды ашсаң, су ағады. Әр ашқан сайын бір мөлшерде 

су ағады. Ыдыстан ағып шыққан су ағыны неліктен жіңішкереді.  

     Сенің уақытың мына су ағып болғанша ғана, соңғы тамшы тамғанда, сенің басың 

да бірге жерге түседі дейді. 

      Су тез ағып кетті. Бас алғыштар қылышын қамдап тұр. Тұтқын жанталаса 

жауабын айтып үлгерді».                                              



     Жауабы: Әрбір су бөлшектері жерге жақындаған сайын тез қозғалады және 

сығылады.Сондықтан уақыт бірлігінде қандай көлденең қимадан болса да ағып 

өткен су мөлшері бірдей болады. 

 

 



 

 


 

 





               Ж Ұ М Б А Қ Т А Р  

 

Жұмбақтар ата бабаларымыздан мұра болып қалған бағалы қазынаның 

бірі.Табиғат құбылыстарын жұмбақ арқылы жеткізе білу тапқырлықты қажет 

етеді. 

   Физиканы оқып білуде жұмбақтардың  да әсері өте зор.Табиғаттағы 



физикалық құбылыстардың пайда болуы мен заңдылықтарын жұмбақтар 

арқылы суреттеу баланың ойлау қабілетін дамытады. 

 

 

   Қырда қылыш жарқылдайды. 



                                                  (найзағай) 

 

Таңертең бар, түсте жоқ. 



Кеш түгілі, түсте жоқ. 

Мен әдемі моншақпын 

Ірі емеспін, ұсақпын 

Мойынға ешкіи таға алмас,  

Мендей мөлдір таба алмас 

                                      (шық) 

 

Қаратаудың басында 



Киік кетіп барады 

Қол аяғы бауырына 

Тиіп кетіп барады 

                                          (Бұлт) 

 

Қанаты жоқ ұшады 



Аяғы жоқ желеді 

Аузы жоқ ұлиды 

                                            (Боран) 

 

Жазда болмайды  



Қыста болады 

Терезеге қонады 

Әсем ою ойады  

                             (қырау) 

Мамықтай ұлпа 

Қанаттай ақ 

Қыстай жер басып жатады 

Жазда сайға жатады 

                                        (қар) 

 

Өзі затты құрайды  



 

 



Теңесуге затты сұрайды. 

                                               (масса) 

 

Тіршіліктің қамы үшін, 



Жоқшылықты түзейді, 

Егер іскер жан үшін, 

Жоқшылқты түзейді. 

                                           (жұмыс) 

Жоғалмайды ешқашан, 

Түрлендірсең егер де. 

Басқа күйге ауысса жұмыс істейді әрқашан. 

                                           (энергия) 

 

 

 



Қозғалысқа келтіріп, 

Жылдамдығын береді, 

Өлшемдерін қарасаң, 

Ньютонға ол келеді. 

                                       (Күш) 

 

Түнеріп келіп, 



Бұлт егіп кетеді. 

                                  (Жаңбыр) 

Жүрісі бар, түрі жоқ, 

Үні барда түрі жоқ, 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

10 



10 

                          Ө Л Е Ң – Ж Ы Р Л А Р  

 

    Кейде ақын –жыраулардың өлеңдерін оқып отырып ,онда ақын табиғат 



құбылыстарды қалай жырлағанын , суреттегенін көріп физикалық құбылыстарды  

іздеп отырамын. 

   8- сыныпта өткен «Заттардың агрегаттық күйлері» тақырыбын оқығанда  Абай 

атамыздың  «Қыс» өлеңі еске түседі. 



                                         Қыс  

     Ақ киімді, денелі, ақ сақалды. 

     Соқыр,  мылқау танымас тірі жанды. 

      Үсті-басы  ақ қырау, түсі суық. 

      Басқан жері сықырлап келіп қалды. 

 

      Бұл өлеңде табиғи қысқы құбылыс-қыраудың пайда болатындығын айтып,ақ 



ұлпа қарды аяқпен басқанда қысым күші әсерінен қардың көптеген ақ ұлпа 

кристалдары қабықшаларының сынатындығын түсіндіреді. 

      

    Абайдың «Күз»өлеңін алатын болсақ өлеңнен табиғаттағы жылулық 



құбылыстарды атаймыз.Мысалы: тұман,бұлт. 

    Ауада су буы болады,ол күннің қыздыруы әсерінен мұхиттардан,теңіздерден 

және басқада су қоймаларынан буланып көтеріледі.1м

3

 ауадағы су буының 



массасын оның «абсалют ылғалдылығы»дейді.Әр температураның өзіне тән 

ылғалдылық шегі бар.Егер температура төмендесе,будың артығы су түрінде 

бөлініп шығады.Ауа неғұрлым жылырақ болса,оның құрамында су буы соғұрлым 

көп болады.Егер жылы және біршама ылғал ауаны салқындатса,онан артық ылғал 

ұсақ тамшы түрінде бөлініп шығады да тұман пайда болады.Тұман көбінесе батпақ 

жерлерде,өзендер мен көлдер бетінде пайда болады.  

                             

                             Күз 

 

     Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 



     Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 

     Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,  

     Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан. 

 

Жамбал атамыздың «Егіс жыры» өлеңі 



     

     Аспаннан аппақ қар жауды, 

     Қар емес, жерге нұр жауады. 

     Осы қардың егіске 

     Болашағы болжаулы. 

     Көктен түскен күміс қар 

     Жер мейірімін қандырдың 

     Тазалығы ақ қардың  



 

 

11 



11 

     Сақалындай Жамбылдың. 

     Аппақ қарды қара жер  

     Суырып сүттей емеді, 

     Емсе емсін, сол жерге 

     Ел егісін егеді. 

     Көктем келіп, күн жылып 

     Тоң қақырып, қар етіп 

     Гүрілдепсөзен сарқырап, 

     Айдын көлдер жарқырап 

     Қиқулап ұшын қаңқылдап, 

     Қараша қаз сампылдап  

     Құстар қайтып келеді... 

   


    Жамбыл атамыздың осы өлеңінен табиғатта болатын жылулық құбылыстарды 

табамыз. 

Осы өлеңді төмендегідей жылулық құбылыстардың пайда болуын түсінеміз: 

 а)қардың пайда болуы; 

 ә)қардың жауыуы 

 б)қардың еруі  

 в)мұздың пайда болуы 

 г)мұздың еруі 

 з)Ертеде аталарымыздың қардың жауыуына қарай сол жылдың егінінің түсімін 

қалай болжаған? Оны физика тұрғысынан түсіндіруге болады.  

     

   Жамбыл атаның «Москва – менің қамалым» 



 

      Көкті бұлт торласа,  

      Көктен нөсер төкпес пе? 

      Торлаған бұлтты найзағай, 

      Сорғалай тіліп сөкпес пе? 

      Төгілген нөсер толастап,  

       Өткінші болып өтпес пе? 

      Жер аңқылдап, күн шықса,  

      Қара бұлт көшіп кетпес пе? 

      Қастасқан жаудың түбіне 

      Қаһарлы халық жетпес пе? 

 

 Жамбылдың осы өлеңіндегі жылулық физикалық құбылыстарды табамыз 



 Олар: Бұлт,нөсер,күннің шуағы,нажағай. 

 Бұлттың қалай пайда болғанын түсіндіреміз.Бұлт-сұық өте ұсақ су 

тамшылары,қатты күйдегі мұз кристалдары. 

    1-2 км биіктікте қабат-қабат бұлттар болады. 

    3-4 км биіктікте түйдек бұлттар болады. 

    6-12 км биіктікте шарбы бұлттар болады. 



 

 

12 



12 

Жер бетінде t-ра

=

25

0



С болғанда жаздың ыстық күніне 12-14км биіктікте жерде 

қатты аяз болғандағыдай,суық қақап тұрады.Жер бетінде біршама ауа массасы 

қызады да айналадағы ауадан жеңілдене түседі. 

«Жылулық құбылыстар» тақырыбына «Жамбыл ата бізде қонақта» «Қазақстан 

тойына»-деген өлеңі. 

       


       Халықтың мына мені жетілгені,  

       Құрыштың білінбеді кетілгені. 

       Аталып Қазақстан ел боп туды

       Үй тігіп, ірге қалап беінді енді 

       Елімді сансыз жылдар қоршап тұман  

       Есімде азап шегіп өкінгені. 

 

«Кебу, булану, конденсация» құбылыстарын өткенде, Сарбай Мәуленовтың 



«Табиғатпен жаным бірге» өлеңін пайдаланануға болады.. 

      


       Жаз шыға сол су сарқылап, 

       Қалады кеуіп, тартылып. 

       Мақтайды оны шуылдап, 

       Орнына шөп пен тал тұрып. 

       Тасқын шайса, күнге қызық,  

       Желге үстімді кептірем. 

       Желмен жайлап, бірге жүріп 

       Тау боп биік көк тіредім. 

       Жоқ ұштығы жол шегімнің, 

       Аспан мен Жер-Жер серігім. 

       Мен-дүние өлшемімін, 

       Мен табиғат-бөлшегімін. 

 

«Газдағы электр тогына» мына өлеңді пайдаландым. 



    

       Қағылды түніменен, 

       Күннің күшті дабылы. 

       Жерді жалап тілімен, 

       Өтеді «жай» жарығы. 

 

  «Кристалл денелер» тақырыбына мына өлеңді пайдаланамын. 



 

     Қыста боран шақырып,   

     Тартады жел ызғырық. 

     Көлдің бетін қатырып,  

     Жатыр торын мұз құрып. 

 

 



 

 

 

13 



13 

   Көркем әдебиеттер,тарихи деректердеі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар 

оқушылар қабылдауына өте жақсы ісер етеді. Мысалы.»Сұйықтардың құбыр 

ішіндегі қозғалысы.Бернулин заңын»өткенде оқушыларда эмоциялық және 

проблемалық жағдай туғызу үшін мынадай қызықты оқиғаны айтып кетуге болады. 

   «Патша сарайының үлкен бөлмесінде бір тұтқынды әкеліп тастады.Оны 

жазалауға әзірленіп жатыр.Жазалау алдында бас уәзір тұтқынға былай дейді: 

    Ертеден келе жатқан ұлы жұмбақтың шешуін тапсаң,Алла саған өмір сыйлайды-

деді. Тұтқын қатты күрсінеді.Уәзір бөлме ортасында шынжырға ілінген ыдысты 

көрсетті.Ыдыс түбіндегі тығынды ашсаң,су ағады.Әр ашқан сайын бірдей 

мөлшерде су ағады.Ыдыстан ағып шыққан су» 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

14 



14 

 

                              А Н Н О Т А Ц И Я  



 

 

                                                       «Қ.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебі»  

                                                      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 

                                                      10 сынып оқушысы Тұяқбаева Мадинаның 

                                                      «Қазақтың ұлттық физикасы» тақырыбындағы 

                                                       ғылыми зерттеу жұмысы 

                                                             

 

 



      Оқушы бұл тақырыпты 9 сыныптан  зерттеуді бастады.Тақырып   өте 

қызықты,өзекті тақырып. Қазіргі технология дамыған заманда құрдастарының 

пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушы осы тақырыпты таңдады. 

         Қазақ халқының тұрмысы, әдет-ғұрпы, үлгілі дәстүрлерімен шебер, ұштастырып,    

шәкірт бойында ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру, оны 

бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да, пәрменді жүргізуге күш салған. Осы орайда 

ұлттық ерекшеліктер ұғымын жалаң тұрғыда емес, физикалық құбылыстарға 

үйлесімділікпен енгізу, яғни физикалық ұғымдарды ұлттық таным-талғам арқылы 

танудың маңызы зор екенін оқушуы жақсы түсіне білген. 

    Тақырыптарға сай ұлттық ерекшеліктерді  физикалық тұрғыдан түсіндіру; кейбір 

мақал- мәтелдердің, жұмбақтар мен ән жырлардағы өлең жолдарының, аңыз 

әңгімелердің физикалық мазмұны бар екендігіне көз жеткізу , тақырыптың басты 

мақсаты. 

   Физикалық заңдылықтар мен құбылыстардың мәнін ашу үшін қазақ халқының ерте 

кездегі  тарихы мен ауыз әдебиетінен пайдаланған.   

   Оқушы еңбегін саралай келе шәкірт келешекте осы тақырыпты оқушылар мен 

ұстаздар кәдесіне жарар топтама басып шығаруды мақсат етіп отыр. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                                                     

 

 

 



 

 


 

 

15 



15 

 

 



                                            

Ж О С П А Р Ы  

 

 

 



 

 

I  .     Кіріспе 



 

II .    Негізгі бөлім 

 

 а)     Физикалық мақал мәтелдер 

 ә)     Физикалық  жұмбақтар 

 б )    Физика өлеңмен  

 в)     Аңыз әңгімелер  

 г)     Ұлттық киімдер 

  

 



 

III .  Қорытынды . 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 



16 

         

 

 

           Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы : 

 

      Қорыта келгенде, осынау халқымыздың асыл мұрасын физиканы оқу барысында                                                                                                              

негізге алу ұлттық дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырумен бірге, 

достарымның физика пәніне деген қызығушылығын арттырамын. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

17 



17 

 

                                Пайдаланған   әдебиеттер: 

 

 

    1. Қазақстан   салт дәстүрлер энцклопедиясы. 



    2. К.Ж.Бұзаубақова  « Физикалық  құбылыстарды оқып үйрену» . 

    3. Физика және математика журналы 

    4. Қазақ әдебиеті  оқулығы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

18 



18 

 

 

                    К І Р І С П Е   : 

 

Физика-«фюзис» грек  тілінен аударғанда табиғат 

деген мағынаны білдіреді. 

Физиканың негізгі мақсаты – табиғатта болып, 

жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп 

оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. 

Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары 

физикалық құбылыстар деп аталады. 

  Заңдарды ашу үшін құбылысты туғызған себеп пен 

салдарына жауап ізделеді. 

 

 

 

  Физикалық құбылыстарды қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып 

үйренуде қолдану - бір-бірінен бөліп алуға болмайтын үш міндет атқарады. Олар білім 

беру, оның тәрбиелік мәні мен бала танымын кеңейту міндеттері. Жалпы физиканы 

оқытуда бұл міндеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктері баршылық. Әр пәнді оқыту 

кезінде сабақты қазақ халқының тұрмысы, әдет-ғұрпы, үлгілі дәстүрлерімен шебер, 

ұштастырып, шәкірт бойында ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезімін 

қалыптастыру, оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да, пәрменді жүргізуге күш 

салу-пән мұғалімдерінің басты парызы. Осы орайда ұлттық ерекшеліктер ұғымын 

жалаң тұрғыда емес, физикалық құбылыстарға үйлесімділікпен енгізу, яғни 

физикалық ұғымдарды ұлттық таным-талғам арқылы танудың маңызы зор. 

    Тақырыптарға сай ұлттық бұйымдардың (киіз үй, ұлттық киімдер, ат бзелдері, бесік, 

күнделікті тұрмысындағы ертеден келе жатқан ыдыстар, т.б.)ерекшеліктерін 

физикалық тұрғыдан түсіндіру; кейбір мақал- мәтелдердің, жұмбақтар мен ән 

жырлардағы өлең жолдарының физикалық мазмұны бар екендігіне көз жеткізу, т.б. 

әдістерді қолдануға болады. Енді мен солардың біеуіне ғана тоқталайын. Физика 

сабағында мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызыңушылығын 

арттырып шығармашылық қабілеттерін дамытуға болады. 



 

 

 

 

 

 

 

19 



19 

 

Конвекция             

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет