Жанерке балабақшасы «Көктем аруы»



бет1/4
Дата24.08.2023
өлшемі24,24 Kb.
#105524
  1   2   3   4



Жанерке балабақшасы
«Көктем аруы» мектеп алды даярлық топтары арасында қыз сыны байқауы
Тәрбиеші: Кусбаева А.Н.
Алматы 2023


Ертарғын балабақшасы
«Көктем аруы» мектеп алды даярлық топтары арасында қыз сыны байқауы
Тәрбиеші: Исмаилова М.И.
Алматы 2023


«Көктем аруы» қыз сыны байқауының сценарийі

Жүргізуші:

Армысыздар қадірменді қонақтар
Армысыздар ақ жаулықты аналар
Бүгінгі кеш арулардың сайысы
Сіздердікі тамашалау, бағалау.


Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Мерекемізге орай ұйымдастырылған «Заңғар» және «Тұлпар» тобының қыздары арасында өтетін «Көктем аруы» қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз.
Сайыс бағдарламасы 4 бөлімнен тұрады:
• Тегін білу тектілік. (таныстыру)
• Өнерлі - өрге жүзер. (өз өнерлерін көрсету)

• Ас үй анасымен ( видеоролик)

Талаптыға нұр жауар. (Қолөнер)


Жүргізуші:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.


Залға кіруі. Қыздарға әсемдік жарасады., әні.
1) Көркіне ақылы да сай келетін,
Бірінші келе жатқан қыз –Айзерені қарсы алайық..
2) Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің Еркеназ
Көрінген көштің басынан..
3) Айару қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.
4) Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Айсұлу өнерлі қызымыз.
5)Балауса қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
6) Ақша бетті Жансая
Ұқсайды хор қызына
7) Ажары да әдемі
Ибалы ол өнерлі
Асылыммен күн нұрын
Төгіп тұрды үнемі.
8) Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан - жақты.
Келе жатқан Раяна қыз
Жарысты бүгін жалғапты.Р
Жүргізуші: Әділ қазы береді,
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді
Сол алады сыйлықты.


Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. «Ертарғын» және «Жанерке» балабақшасының меңгерушісі – Мурсалимова Сәуле Мазыкенқызы.
2. «Заңғар» тобының ата анасы – Сұраубаева Шырын Әділбекқызы
3. Тұлпар тобының ата-аналар комитеті – Қалиясқарова Айзада Мамырханқызы

Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. •


Бірінші сайысымыз «Тегін білу тектілік» Таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет