«Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» Математика пәні мұғалімі
«Рублевка орта мектебі» КММ
«Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» Математика пәні мұғалімі: Естаулетова Б.Т.
Жеке даму жоспардың тақырыбы:«Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру»
Мақсаты: Жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Міндеттері:
Сабақты жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артады.
Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. «Жай бөлшектерді бөлу» (5 сынып), «Рационал сандарды қосу және азайту» (6 сынып) , «Рационал сандарға амалдар қолдану» (6 сынып) т.с.с ашық сабақтар берілді.
Ашық сабақ құрылымы барысында қазіргі кезде енгізіліп отырған әр түрлі әдіс тәсілдерді қолданып отырдым. Сонымен қатар Microsoft Office бағдарламалар жиынтығы, Prezi, Kahoot, Geogebra, Activstudio т.с.с бағдарламаларды қолданып, сабақты барынша қызықты әрі, көрнекті түрде өткізуге тырыстым.
Білімімді жетілдіру курстары пән бойынша әдістемелік әдебиеттерді оқып, интернет желісіндегі педагогикалық жаңалықтармен танысып, білімімді тереңдетіп отыруға тырысамын. Сонымен қатар: Bilim Land сайттарының қолданушысы болып табыламын.
Қазіргі біздің қоғамға жоғары білікті, кәсіби дайындалған, шығармашылықпен ойлайтын оқушылар қажет. Заманауи білім берудің стратегиясы әрбір адамда табиғаттан берілген шығармашылық тума талантты жан -жақты дамыту болып табылады.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру барысында жұмыстанудамын.