2. Атау-идентификатор . Идентификатор – бұл белгілі бір шаманың, мәліметтің, деректің аты, аталуы деген мағынаны білдіреді. Идентификатор –мін детті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі нен тұ ратын атау.Тұрақтының, типтің, айнымалы ныңың, процедураның, модульдің, белгінің, объектінің , программаның және жаз бадағы өрістің аттары идентификаторлар болып табылады. Идентификатордың жүру аймағында оның мағынасы бір мәнді болуы қажет. Идентификаторлардың аты ретінде резервтелінген сөздерді пайдалануға тиым салынады.
Паскальда идентификаторларды құрудың бірнеше ережелері бар. Олар дың қысқаша сипаттамалары мынадай:
барлық идентификаторлар әріптен немесе сызу белгісінен бас талуы қажет және оның құрамында бос орын болмауы керек. Келесі символдар ретінде әріп, сызу белгісі, сан болуы мүмкін. Басқа сим -волдарды пайдалануға болмайды;
Идентификаторлардың ұзындықтары әртүрлі болуы мүмкін, бі- рақ олардың алғашқы 63-і ғана пайдаланылады;
Идентификаторлар пернеліктің бас және кіші әріптерін айыр- майды, яғни ABBA идентификаторы abba идентификаторына пара-пар.
Дұрыс идентификаторлардың мысалдары :A1,PRIMER ,B7A ,-FLAG.
Дұрыс емес идентификаторлардың мысалдары :
1A - идентификатор саннан басталып тұр ;
A+1 - арнайы “+” символы пайдаланылып тұр ,
3.Тұрақты немесе константа. .Тұрақты деп – бір рет берілген программаның орындалу кезінде өзгермейтін шаманы айтамыз. Пас -каль тілінде тұрақтылар – сандық тұрақтылар, логикалық тұрақтылар болып бөлінеді.
Логикалық тұрақтылар(boolean). True (шын, ақиқат) және false (жалған) символдарымен белгілінеді.Мысалы 25<14 қатынасын логи- калық тұрғыдан талдай келе бұл жалған пікір екенін білеміз. Сондық -тан бұл пікірдің нәтижесі false болады.
Символдық тұрақтылар(текстік) символдар тізбегінен тұрады. Символ дық тұрақтыларды айнымалылардың мәні ретінде қарасты -руға болады, сондықтан оларды өңдеуге болады. Символдық тұрақ- тылар (‘ ‘) (апострофқа) алынып жазылады.
Мысалы ‘flfa’, ‘betta’, ‘a1’, ‘S12’. Жиын конструкторы –бұл тік жақшаға алынған жиын элеметтері. Мысалы:[ақ, қара,қызыл ] .
14>