Физика тарихы



Pdf көрінісі
бет20/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
Байланысты:
Физика тарихы

Жан Лерон Д`Аламбер (18-сурет) (д`Аламбер, Даламбер; фр. Jean Le 
Rond d`Alembert, D`Alembert; қараша 1717 - 29 қазан 1783) – француз 
оқымысты энциклопедисті. Философ, математик және механик ретінде кең 
танылған. Париж ғылым академиясы (1740 ж.), Француз академиясы (1754 ж.), 
Петербург (1764 ж.) және т.б. академиялардың мүшесі.
18 сурет. - Жан Лерон 
Д`Аламбер 
Д`Аламбер зеңбірек офицері Детуштан тапқан 
маркизы де Тансеннің заңсыз ұлы болған. Көп ұзамай 
жаңа туылған сәби шағында анасы екеуін Қасиетті 
Иоанна Круглыйдың (фр. Jean Le Rond) шіркеуіне 
қуылады. Бұл баланың атын әулиенің құрметіне Жан 
Лерон деп қояды. Әйнекші Руссо отбасында 
асыралынып, баласы ретінде тәрбиеленеді. 
Әкесі осы уақытта шетелде болатын. Францияға 
қайтып келгеннен бастап, Детуш баласына бауыр 
басып, оның оқуына және асырап алған әке-шешесіне 
ақшалай көмек көрсетіп отырған. Бірақ заңды түрде 
оны ұлым деп мойындаған емес. Анасының да ұлына 
деген қызығушылығы болған емес. Кейіннен 
Даламбер атақты болғанымен де өзін асырап алған 
әйнекші мен әйнекшінің әйелін еш ұмытпаған және де 
оларға материалдық көмек көрсетіп, оларды мақтанышпен өзінің әке шешем 
деп таныған.
Алған мәліметтер бойынша Д`Аламбер тегі өзін асырап алған әкесі 
Аламберден болса, ал екінші жағынан өзі немесе оның қамқоршылары ойлап 


46
тапқан деседі. Ең алдымен Жан Лерон Дарамбер ретінде жазылса, кейін тегін 
D`Alember деп өзгертеді.
1726 жылы Детуш генерал болғаннан кейін, кенет қайтыс болады. 
Әкесінің қалдырған өсиеті бойынша Даламбер жылына 1200 ливр көлемінде 
жәрдемақы алып тұрады және туыстарының назарында болады. Ол немере-
ағасы, апайлары болса да, бұрынғыша әйнекшілердің отбасында тұрады. 1765 
жылға дейін асырап алған ата-анасының, яғни 48 жасына дейін бірге тұрады.
Ерте танылған талантының арқасында ол жақсы білім алады. Ең алдымен 
Мазарини әріптестерімен еркін ғылымдар дәрежесіндегі магистр алды, одан 
кейін ғылыми заң академиясында құқық лиценциат атағын алып шығады. 
Алайда ақтаушылық кәсібі өз қалауы болмағандықтан, математикаға көп көңіл 
аударады.
Даламбер 22 жасқа толғанның өзінде-ақ, Париж академиясын өз 
шығармасында елестете алды. Ал 23 жасында академияның адъюнктісі болып 
сайланды.
1743 жылы «Динамика туралы трактаты» шықты (19-сурет). Онда 
«Даламбер принципі» көрініс тапты. Статистиканы динамиканың жүйесіне 
кірістірді. Осында ол алғаш рет дифференциалдық теңсіздіктердің жалпылама 
құрылымы туралы ережені кез-келген материалдық қозғалыс жүйесіне құрды.
Кейіннен бұл гидродинамиканы толықтыру үшін «Жел соғуы туралы 
жалпы талқылауы» трактатына енді (1774 ж.). Мұхиттың тасуы сияқты, ауаның 
тасуы болатыны дәлелденді.
1748 жылы ішектің тербелу есебін зерттеді. 
 
19 сурет. - Даламбердің «Динамика туралы трактаты» 
1751 жылдан бастап Даламбер Дидромен бірге «Ғылым, өнер және 
қолөнер энциклопедиясын» құрумен айналысты. «Энциклопедияның» 17-
томдық математика мен физикаға арналған мақаласын Даламбердің өзі жазған. 
1757 жылы реакцияларды қайта зерттеу керек болады. Ол энциклопедияның 
баспасынан біржолата кетіп, өзін ғылыми жұмысқа арнағанымен, 


47
энциклопедияға мақалаларын жазуды жалғастырады. 
 
20 сурет. - Даламбердің 
Луврдағы мүсіні
1754 жылы Даламбер Француз академиясының 
мүшесі болады.
1764 жылы «Өлшемділік» (энциклопедия үшін) 
мақаласында алғаш рет уақыт төртінші өлшеуіш 
екендігін айтады.
Даламбер Ресейдің императрицасы Екатерина ІІ 
мен әрдайым белсенді түрде хат алмасып тұрған. 1760 
жылдың ортасында престол мұрагерлерінің тәрбиешісі 
ретінде Даламберді Ресей императрицасы шақыртады. 
Алайда ол шақыртуды қабылдамады. 
1772 жылы Даламбер Француз академиясының 
ауыстырылмайтын 
хатшысы 
болып 
сайланады. 
Даламберге арналып жасалған мүсіні Луврда (20-сурет) 
орналасқан. 
1783 жылы ұзақ ауырған Даламбер қайтыс болады. Шіркеу қызметкерлері 
«барып тұрған дінсізге» бейітке жерлеуге қарсы шығып, оны ортақ зираттарға 
жерлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет