48
колледжі кеңесінің мүшесінен шығарылды, өйткені үйленбестік сертінен тайды.
Өзінің алғашқы ғылыми жұмысын Максвелл мектеп қабырғасында
орындады, ол
сопақ фигураларды сызудың қарапайым әдісін ойлап тапты. Бұл
жұмыс Корольдық қоғамның отырысында баяндалып, оның «Еңбектерінде»
басылып шықты. Алғашында
Эдинбург Академиясын бітіріп, адвокаттық
әкімшіліктің
мүшесі
болды,
бірақ
құқықтануға
кызығушылығы
болмағандықтан,ол бос уақытында ғылым мен техникаға көп көңіл бөледі.
1847 ж. Академияны бітірген соң қараша айында Максвелл Эдинбург
Университетіне түседі. Ол жерде математик Филипп Калленданың, философ У.
Гамильтонның, дәрістерін тыңдайды. Өзінің оқу барысында бірқатар мақала
жариялады,
қисықтық
тербелу
механикалық
материалдың
қасиетін
поляризацияланған жарық көмегімен алуды зерттеді.
Бұл тәжірибесінің
барысында ол 1847 ж. көктемінде
Уильям Никольмен танысып, ол өзі
құрастырған 2 поляризациялық құралды (Николь призмасы) сыйға тартады.
Қатты дене ішіндегі кернеуді анықтап, поляризацияланған жарық арқылы алуға
болатынын Максвелл түсінді (22-сурет).
22 сурет. - Джеймстің поляризацияланған жарық көмегімен алынған
әйнек үшбұрыштағы кернеудің көрінісі.
Содан кейін Питерхауз Кембридж университетінде (1850-1854 жж.) және
Тринити-колледжінде оқыды. 1855 жылы Тринити-колледжі кеңесінің мүшесі
болды. Максвелл Тринити-колледжі кеңесінің мүшесі болған уақытта
Түстер
теориясы бойынша тәжірибе жасаумен айналысқан және де Юнг теориясының
әрі Гельмгольцтің негізгі үш түс теориясының жалғастырушы болды.
Түстерді араластыру бойынша жасаған
тәжірибелерінде Максвелл
айрықша құрал – зырылдауықты пайдаланды, оның дискі секторларға бөлініп,
түрлі түстерге боялды (Максвелл дискі). Зырылдауықты жылдам
айналдырғанда түстер араласады: егер диск түстер спектрі орналасуы бойынша
боялған болса, онда ол ақ болып көрінеді, ал егерде
оның бір бөлігін қызыл
түске, ал екінші бөлігін сары түске бояса, ол тоқсары болып
49
көрінеді; көк пен сарының араласуы жасыл түстің көрінісін берді. 1860 жылы
Максвелл түсті қабылдау және оптика бойынша жасаған жұмыстары үшін
Румфорд медалімен марапатталды.
1857
жылы
Кембридж
университеті
Сатурн
сақиналарының
тұрақтылығына арналған ең жақсы жұмысқа байқау жариялады. Бұл
құрылымдарды XVII ғасырда Галилей ашқан болатын, әрі бұл құрылымдар таң
қаларлық табиғаттың жұмбағы болды: планета табиғаты белгісіз заттан тұратын
үш тұтас концентрлі сақиналармен қоршалған болып көрінді.
Лаплас олардың қатты бола алмайтындығын дәлелдеді. Математикалық
талдау жасау арқылы Максвелл олардың сұйық та бола алмайтындығына көз
жеткізіп, мұндай құрылым тек өзара байланыспаған метеориттердің
шоғырынан тұрған жағдайда ғана тұрақты бола
алады деген қорытындыға
келді. Сақиналардың тұрақтылығы олардың Сатурнға тартылуы және
планетамен метеориттердің өзара қозғалысы салдарынан қамтамасыз етіледі.
Осы жұмысы үшін Максвелл Дж. Адамс сыйлығын алды.
Максвеллдің алғашқы жұмыстарының бірі –
газдардың кинетикалық
Достарыңызбен бөлісу: