6
байланысы өте маңызды. XVII ғасырда физика натурфилософияның бөлінбес
аясы болған. Тек XVIII ғ. басында ғана еркіндік алып жеке ғылым атанды.
XVII жүзжылдықта көптеген оқымыстылар физик те, химик те, астроном
да, математик те болған. Мысалы, олардың ішінде Роберт Боиль, Эдм Мариотт,
Генри Кавендиш, Антуан Лавуазье, Гемфри Дэви бар. Атом түсінігін енгізерде
химиктер де, физиктер де қатысқан. Осыдан барып «физикалық химия»
ғылымы пайда болған.
Физика мен математика өте тығыз байланысқан. Математика табиғат
заңдарының нақты ғылыми өрнегін шығару үшін физика үшін үлкен көмекші
қару болуының негізі болды.
Физика мен техника да тығыз байланысқан. Техника – қолданбалы
физиканың көзі болып табылады.
Физика мен философия. Біршама уақыт физикамен философтар
айналысқан. Ежелгі заманда ғана емес, тіпті Рене Декарт, Вильгельм Лейбниц,
Эммануил Кант, кейіннен Герман Гельгольц, Эрнст Мах, Анри Пуанкаре
сияқты физиктердің өздері философтар сияқты шығып жүрген. Оларды
алдымен танымдық теориясы физикаға жақын болғандықтан қызықтырды.
Физика тарихы несімен болашақ мұғалімге қажет? Тарихты білмей
теорияны оқып-үйрену екіталай. Физика тарихын оқып-үйренуде мұғалім
оқушының қызығушылығын арттыра алады. Физика тарихы ең алдымен
мұғалімнің, содан кейін оқушының осы сабаққа деген көзкарасын өзгертіп,
физикадан білімдерін тереңдете түсуге қабілеттерін арттырады.
Кез-келген ғылым ретінде физика тарихының да
зерттеу әдістері бар.
Соларға тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: