8
Егін шаруашылығының суару жүйесі, металдарды шығару мен өңдеу,
құрал-саймандарды дайындау техникасының дамуы экономика дамуымен
күрделі қоғамдық ағзаның пайда болуына әкелді. Қоғамдық қажеттіліктер
жазудың (Египетте иероглифтер, Вавилонда сына жазулар) сондай-ақ, алғашқы
астрономиялық және математикалық білімдердің пайда болуына әсерін тигізді.
Атақты ежелгі египет жазуларының ескерткіші – Британ мұражайында
сақталған Ринд папирусы және б.э.д. II ғ. жататын мәскеу папирусы – аудан мен
көлемдерді есептеулерде қолданылған. Мәскеу папирусында, мысалы, кесілген
пирамиданың көлемін есептеуге арналған формула берілген. Египеттіктер
шеңбердің ауданын
16
,
3
санын қолдана тапқан.
Вавилондық математика мен астрономия өте жоғары деңгейге жетті.
Вавилондықтар
Пифагор теоремасын білді, онымен олар сандардың квадраты
мен кубтарын, квадраттық және кубтық түбірлерді, квадраттық теңдеулерді
және теңдеулер жүйесін шеше алды. Вавилон мен египет математикасы
шаруашылық және құрылыс жұмыстарындағы қажеттіліктерінен туындаған
қолданбалы сипатта болғанын айта кету керек.
Ежелгі Египеттің экономикасы үшін Ніл өзенінің тасуының басталу
уақытын анықтау өте қажет болды, сондай-ақ ол астронмиялық бақылауларға
мұқияттылықты талап етті. Египеттіктер күнтізбені ойлап тапты, ол 12 айдан,
30 күннен және жылына 5 қосымша күннен тұратын болды.
Ежелгі
ваваилондықтардың астрономиялық жетістіктері де мол еді. Оларға
эклиптиканың он екі жұлдызды Зодиакқа (Күннің жүрісін көрсетіп, 12 айдың
басы болған жұлдыздардың ортақ аты) бөлінгені жатады.
Астрономия жаратылыстық білімдердің дамуы басталған жаратылыстық
білім болды. Ф. Энгельстің «Табиғат диалектикасына» сәйкес, жаратылыстық
білім жериеленушілер мен шаруалар үшін маңызды болған күн мен түннің, жыл
мезгілдерінің ауысуын бақылаумен астрономия пайда болды. Ал астронмия өз
кезегінде математиканы, ал құрылыстық жұмыстар механиканың дамуын талап
етті.
Ежелгі орасан күрделі құрылыстар (ғибадатханалар, шіркеулер,
қорғандар, пирамидалар) құрылыс механикасы мен статикасының эмпиризмдік
білімдер өте қажет болды. Құрылыс жұмыстары қарапайым механизмдерді:
иіндерді, көлбеу жазықтықтардағы сырғанауларды қолданумен жүргізілген.
Осылайша, тұрмыс қажеттіліктерінен барып ғылыми білімдер пайда болған.
Осындай әжептәуір жетістіктерге қарамастан, Шығыстың ежелгі
өркениетінің ғылымы заманға сай ғылымның тегі бола алмады. Бұл құрмет
антикалық заманда пайда болған Ежелгі Грецияға тиесілі болды. Ежелгі
Шығыстың шамадан тыс тәжірибелілігі теориялық ғылымды әкеле алмады.
Египеттіктер мен вавилондықтарды әлем қалай
құрылған деген сұрақтар
ойландырмады да, қызықтырмады да. Египеттіктер бір нәрсені дәлелдеуге
ынтық болмады, олар тек қоластындағыларға «Осылай ет», - деп қана
бұйырған. Тек антикалық қоғамның тарихи алаңына шыққанда ғана оларға
қандай да бір математикалық ережелерді, физикалық тұжырымдарды
дәлелдеудің қажеттігі туды.
9
Ғылым тарихындағы антикалық кезең деп б.э.д. VII-VI ғғ. – грек
өркениетінің пайда болу уақытынан – Рим империясының құлағандағы б.э.д. V
екінші жартысына дейінгі аралықты санайды. Осылайша, біз антикалық
ғылымның тарихы туралы сөз болғанда, біз оның Ежелгі Греция деп аталатын
мемлекеттердегі, қалалардағы, сондай-ақ, Ежелгі
Римдегі республика және
империя кезеңіндегі дамуын айтамыз.
Бұл жерде гректік және римдік ғылымның айырмашылығын айта кеткен
жөн. Алғашқылары – жаратушы. Сондықтан көптеген ғылыми ойлар Греция
ойшылдарына тиесілі. Ал римдіктер айтылған ойларды меңгеру, өзгерту, өмірге
пайдалы ете білу, артындағы ұрпағына қалдырумен ерекшелінді. Міне, осы
үшін бізге көптеген грек мәдениетінің жаратылыстары мен ғылымы римдік
интерпретациядан белгілі.
Антикалық мемлекеттер үшін халықтың белсенді бөлігі болып табылатын
көпестер мен еркін қолөнершілерді жинау маңызды еді. Осылай, бір көпеске
бірнеше құлдан келді. Бұл көп нәрсе өндірудің негізгі көзі, күші болды.
Антикалық қоғам кейбір адамдарға ғылыммен, философиямен айналысуға,
оқуға және оқытуға мұрсат берді.
Антикалық мемлекеттердің тағы бір ерекшелігі құлиеленуші демократия
болуы ғылымның заманға сай дамуына әкелді.
Еркіндік пен демократиялық
құқықтардың қоғамда қолдау көрсетілуі, мәдениет пен ғылымның дамуына көп
септігін тигізді.
Құдайға табынушылық пен дінге сенушілік ғылымның дамуына кері
әсерін тигізетін болды, өйткені ол кезде қандай да бір эксперименттерге тыйым
салынған еді.
Дәл осы уақытта адамдар өздерінің ақылдарының құдіреттілігін
мойындап, ғылыммен шындап кірісе бастады. Олар оның қажеттілігінен ғана
емес, сондай-ақ әлемді тануға деген қызығушылықтың артуынан айналыса
бастады. Осы уақытта философтар «әуесқой данагөйлер» пайда бола бастады:
қоғамда осыған деген мұқтаждық туды, даналыққа оқытатын мұғалімдер қажет
болды, оқымысты (оқушы) және оқытушы (мұғалім) деген кәсіптер пайда
болды.
Антикалық кезеңді зерттеушілер көптеген қиындықтарға кездесті.
Олардың ең бастысы көздер болып табылатын – антикалық заманның
кітаптары, жазбалары, хаттарының біздің уақытқа жетпегені. Он бес ғасыр
ішінде көптеген жазбалар жоғалған,
соғыстар, өрттердің, катаклизмнің және
т.б. кесірінен жоғалып кеткен. Десек те, Шығыста антикалық кезеңнің
кітаптары, жазбалары сақталған, латыннан басқа тілдерге аударылған. Осының
арқасында бізге физикаға және жаратылыстық ғылымдарға арналған антикалық
авторлардың трактаттары мәлім.
Олардың ішінде толық сақталған ежелгі заманның ұлы ойшылы
Аристотельдің шығармалары «Физика», «Аспан туралы», «Пайда болу және
жоғалу туралы», «Метеорологика» трактаттары бар. Сондай-ақ, толығымен
Платонның «Тимэй» баяндамалар түрінде құрастырылған толық бір
энциклопедия болатын шығармасы сақталған.
Сонымен қатар, көптеген басқа
10
да оқымыстылардың шығармалары бөлік-бөлік болып, фрагменттер болып
сақталған.
Антикалық кезеңнің көптеген ғылыми ойлардың жетістіктері римдік Тит
Лукреций Карудың (б.э.д. 99-55 ғғ.) арқасында белгілі болды. Оның «Заттар
табиғаты туралы» дидактикалық поэмасы Рим империясы кезіндегі ғылыми
білімдердің энциклопедиясы деуге болады. Алты кітаптан тұратын
александриялық өлең жолдарымен жазылған бұл кітапта ол әлемнің және
космоногияның мәнін, оптика, көру қабілеті, астрономия, метеорология,
геология,
география, биология, анатомия, адамзат қоғамының тарихы,
мәдениет, музыканың және т.б. сұрақтарын қарастырған.
Осылайша, антикалық көздер бізге толық емес, төмен сапада сақталған
күйде жетті. Сондықтан антикалық кезеңнің тарихын зерттеуде біз анық, нақты
көрініс ала алмаймыз, тек сол дәуірдегі физикалық білімдердің деңгейіне
жалпылама шолу жасай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: