Физика тарихы



Pdf көрінісі
бет61/69
Дата13.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#92813
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69
А. Ф. Иоффе (58-сурет). Абрам Федорович Иоффе 1880 жылы 29 қазанда 
Полтавск губерниясының Ромны қаласында дүниеге келген. Ромны училищесін 
аяқтап, Петербург технологиялық институтына түседі.


118
58-сурет. А. Ф. Иоффе
Болашақ 
физикті 
инженер 
мәнсапы 
қызықтырмайды да, ол өзінің ұстазы Н. А. Гезехустың 
кеңесі бойынша сол уақытта, атақты физика 
профессоры Рентген болып тұрған 1902 жылы 
Германияға, Мюнхенге кетеді.
Мұнда А.Ф. Иоффе физикалық практикумды 
өтіп, Рентгеннің бірқатар зерттеулерін орындап
ақыры Рентгеннің асситенті ретінде кварцтың 
пьезоэлектрлік қасиеттерін зерттей бастайды. Зерттеу 
барысында Иоффе рентген сәулелерімен кристаллды 
оқып-біліп, 
электрөткізгіштіліктің 
өзгеруін 
бақылайды.
1905 
жылы 

маусымда 
«Кристаллдық 
кварцтағы серпімділік салдары» атты диссертациясын 
А.Ф. Иоффе жоғары мақтаумен қорғап шығады. 
Рентген Иоффенің аса жоғары қабілетін бағалай отырып, оған Мюнхенде 
профессор қызметінде қалуды ұсынады. Бірақ Иоффе Ресейге оралады. Бұл 
жерде оған Петербург политехникалық институтының физика кафедрасының 
аға лаборанттық орнын ұсынады. 
1913 жылдың 9 мамырында магистрлік диссертациясын керемет қорғап 
шығып, Политехникалық институттың ерекше профессоры атанып, екі жылдан 
кейін (1915 жылдың 30 сәуірінде) «Кристалдардың серпімді және электрлік 
қасиеттері» атты докторлық диссертациясын қорғайды. 
Қазан төңкерісінен кейін Иоффе ғылымды ұйымдастырумен айналысты. 
Оқымысты-медик 
Михаил 
Исаевич 
Неменовпен 
бірге 
Петербургте 
Рентгенорадиологиялық институтты құрады, оның екі бөлімі болады – физика-
техникалық және медико-биологиялық. Бір бөлімнің директоры Иоффе болса, 
екіншісінікі М.И. Неменов болады. Институт 1918 жылдың күзінде құрылады. 
Осы жылы Иоффе ғылым Академиясының тілші-мүшесі болып сайланады. 
1920 жылы академик болып сайланады. 1921 жылы Рентгенорадиологиялық 
институт үш өз бетінше институтқа бөлінді: Рентгенологиялық және 
радиологиялық институт, физика-техникалық институт, Радий институты. 
Осылайша, 29 қарашада академик А.Ф. Иоффе басқарған физика-
техникалық институт өз жұмысын бастайды, қазіргі уақыттағы А.Ф. Иоффе 
атындағы Ленинградтық физика-техникалық институт. Бұл институт кеңестік 
Ресейдің заманға сай ірі орталыққа айналды. Оның қабырғасынан академиктер, 
институт жетекшілері: академик П. Л. Капица — КСРО ҒА физикалық 
мәселелер институтын негізін салушы, Лениндік және Нобель сыйлықтарының 
лауреаты, академик Н. Н. Семенов — КСРО ҒА химиялық физика 
институтының негізін салушы, Лениндік және Нобель сыйлықтарының 
лауреаты, академик Л. Д. Ландау — Лениндік және Нобель сыйлықтарының 
лауреаты, академик И. В. Курчатов — кеңестік ядролық ғылым мен техниканың 
некгізін қалаушы, атомдық энергия Институты негізін салушы және басқа да 
көптеген КСРО оқымыстылары. 


119
А.Ф. Иоффенің өзінің ғылыми жұмысы қатты дене физикасы болды. Ол 
кристалдардың механикалық және электрлік қасиеттерін зерттей жүре, соңғы 
жылдары жартылайөткізгіштер физикасы мен техникасына қызығушылығы 
арта түседі. 1954 жылы ол жартылайөткізгіштер Институтын ұйымдастырды да, 
оның директоры болып өмірінің соңына дейін өзі болды. А.Ф. Иоффе 1960 
жылы 14 қазанда 80 жылдық мерейтойын барлық ғылыми қоғам атап өтуге 
дайындалып жүргенде қаза болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет