Этилен газын өсімдік гормонына жатқызады себебі ол өсімдіктерде синтезделеді және төмен концентрацияда өсімдіктердің өсуін,жемістердің пісуін тездетеді,өсімдік жапырақтарының және гүлдерінің қурауын,түсуін реттейді.
Этиленнің өсімдіктің өсуін реттейтінін ең алғаш 1901 жылы Д.Н. Нелюбов Санкт- Петербург университетінде лабораторияда бұршақ өсіру арқылы анықтаған.Ол этилен газының лабораториялық жағдайда өсірілген бұршақ өскіні сабағының ұзындыққа өсуін тоқтатып, сабақтың жуандап өсуіне септігін тигізетінін байқады.
Этилен өсімдіктерде ғана емес бактериялар мен саңырауқұлақтарда да өте көп мөлшерде синтезделеді.
Этилен өсімдіктерде аналық гүлдің түзілуін реттейді.Мысалы. Қияр,асқабақ сияқты өсімдіктерде.
Этиленнің әсерінен зақымдалған жапырақтардың топтасып түсуі жүзеге асады.Ол жапырақтармен бірге оларды зақымдаған зиянкестер де жерге түседі.Мысалы, раушан гүлі өрмек кенесімен зақымдалғанда этиленнің пайдасы өте зор.