«Физикалық қасиеттерді дамыту»дағдысы бойынша дидактикалық ойындар кешені



бет3/5
Дата25.12.2022
өлшемі130,49 Kb.
#59494
1   2   3   4   5
Байланысты:
физикалық қасиет

Доптар мектебі
Мақсаты: Доппен ойнаудың тұрлерін үйрету,екі қолмен қағып алу,қабырғаға үру, жерге ұрып қағып алу сияқты т.б.түрлерін ойнай білу. Ептілікке тәрбиелеу. Шарты: Балалар тәрбиешінің көрсеткен жаттығуларын орындайды. 1. Допты жоғары лақтырып екі қолмен қағып алу. 
2. Допты жерге соғып екі қолмен ұстап алу. 3. Допты жерге соғып шапалақты соғып екі қолмен ұстап алу. 4. Қабырғаға допты соғып екі қолмен қағып алу. 5. Допты қабырғаға соғып ұстап алып,жерге соғып қағып алу. 
10
11
Ойын аты: «Арқан тарту»
Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа,шымырлыққа тәрбиелеу. 
Міндеті: Ойын ережесін түсініп ойнауын және ойын ережесінің бұзылмауын ескеру. 
Ойының барысы: Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кетсе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетед. 
Көрнекі құралдар: Арқан
Ойын аты: «Орамал тастамақ» 
Мақсаты: Балалардың сезіну қабілеттерін, байқампаздығын дамыту
Міндеті: Балалар шеңбер жасап тұрады,ойын ережесін түсініп ойнауын және ойын ережесінің бұзылмауын ескеру. 
Ойының барысы:Тәрбиеші балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді. 
Көрнекі құралдар:Орамал
12
13
Ойын аты: «Ақсерек –көксерек» 
Мақсаты: Балалардың жылдамдық және шымырлық қабілетін арттыру 
Міндеті:Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.,ойын ережесін түсініп ойнауын және ойын ережесінің бұзылмауын ескеру.
Ойының барысы: 1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серекБізден сізге кім керек.2-ші топ. Ақсерек –ау ақ серекСізден бізге (бала аты) керекАты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет