«Физикалық қасиеттерді дамыту»дағдысы бойынша дидактикалық ойындар кешені


Ойын аты: «Сақина жасыру» Мақсаты



бет4/5
Дата25.12.2022
өлшемі130,49 Kb.
#59494
1   2   3   4   5
Ойын аты: «Сақина жасыру»
Мақсаты: Баланың зейінің тапқырлығын дамыту. 
Міндеті: Ойын ережесін түсініп ойнауын және ойын ережесінің бұзылмауын ескеру. 
Ойының барысы: Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.
Көрнекі құралдар: Сақина
14
15
Ұшты-ұшты.
Мақсаты: Балаларды аңғарпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
Ойын барысы: Ойын бастаушы ұша алатын затты атап, ұшты деп қолын көтереді, сонда бәрі тез қолдарын көтеріп ұшты-ұшты деп қолдарын көтеріп қалықтап тұрады.Ал ұшалмайтын затты атап «ұшты»деп қолды көтергенде, онда сендер «ұшпайсындар». Ал егер ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы айып тартады.
Ақ қоян.
Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Ойын барысы: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада «қоян» болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып, қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.
Әй-әй көйлек киші, Біреудің қолын үзші,-дегенде, қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Үзілген жердің оң жағындағы бала «қоян» болады.
16
17
18
Тауық күрес.
Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет