Физикалық қасиеттері



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#117431
  1   2   3

11-сынып. 1-бөлім. V-тарау Тірі организм. §24. Нәруыздардың қасиеттері (89-91 бет)
Физикалық қасиеттері. Судағы ерігіштігіне қарай нәруыздар глобулалы, талшықты болып бөлінеді. Глобулалы нәруыздар суда, сондай-ақ қышқылдар мен сілтілердің сулы ерітінділерінде ериді (мысалы, тауық жұмыртқасындағы альбумин). Талшықты нәруыздар суда ерімейді, мысалы, оған жүннің, шаштың кұрамында болатын кератин жатады.Сонымен қатар қатты, сұйық, жартылай сұйық нәруыздар да болады. Нәруыздар организмде құрылыс, қоректік, жиырылғыш, қор, тасымалдаушы, өршіткі, қорғаныш функцияларын атқарады. Нәруыздардың белгілі қайнау және балқу температуралары болмайды. Өйткені олардың көпшілігі қыздырғанда ұйып қалады. Жоғары температурада барлық нәруыздар жанады.
Химиялык каскеттері
1. Нәруыз гидролизі. Нәруыздың маңызды қасиеті - оның қышқылдық немесе сілтілік гидролизге ұшырауы, нәтижесінде нәруыз жеке аминқышқылдарына дейін ыдырайды:



2. Нәруыздардың түсті реакциялары. Нәруыздарға түсті реакциялар тән. Биурет реакциясы:
а) Егер нәруыз ерітіндісіне аздап натрий гидроксидін қосып, оған мыс (II) сульфатының бірнеше тамшысын қосса, ашық күлгін түс пайда болады. Бұл пептидтік байланыстың бар екенін білдіреді, және ол Биурет реакциясы деп аталады.
е) Ксантопротеин реакциясы. Нәруызға концентрлі азот қышқылымен әсер еткенде ол сары түске боялады. Бұл аминқышқылының қалдықтарында бензол сақиналары бар екенін көрсетеді. Ол ксантопротеин реакциясы деп аталады.
б) Нәруыз ерітіндісіне қорғасын (II) ацетатын, сосын натрий гидроксидін қосып қоспаны кыздырса, қорғасын сульфидінің PbS қара тұнбасы түзіледі. Бұл реакция - күкірті бар аминқышқылдарының қалдықтарына сапалық реакция.
Нәруыз денатурациясы. Ауыр металдардың (Hg2+, Рb2+, Сu2+ және т.б.) тұздары, концентрлі қышқылдар мен сілтілер, сондай-ақ қыздыру, ультракүлгін сәулелер мен γ-сәулелер әсерінен нәруыздардың бірінші реттік құрылымы сақталып, ал екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымдары бұзылады. Бұл құбылыс нәруыз денатурациясы деп аталады. Мысалы, оны жұмыртқаны қайнатқанда және қуырғанда байқауға болады. Қатты қыздырғанда нәруыз молекуласы өзгеріске ұшырап, ұшқыш, өзіндік иісі бар заттар түзіледі (мысалы, жүннің күйген иici), бұл табиғи жүннен жасалған маталарды анықтауға қолданылады.Табиғатта нәруыз тірі организмдердің тіршілігін қамтамасыз ететін әртурлі қызмет атқарады . (29 – сурет). Мысалы, табиғи өршіткілер - ферменттер биохимиялық процестердің жүруін реттейді.
Тамактың химиялық энергиясын механикалық энергияға айналдыратын нәруыздар болады. Адам организміне нәруыз тағаммен бірге түседі де, ферменттер әсерінен гидролизге ұшырап, әртурлі аминқышқылдарына ыдырайды. Олардан жаңа аминқышқылдары түзіледі. Адамға қажетті аминқышқылдарының барлығы дерлік нәруыз кұрамына кіреді. Олар сүтте, етте, жұмыртқада, балықта болады. Адам тәулігіне 1500-2000 ккал беретін тағам жеу керек. Тағам ретінде қолданылмайтын кейбір нәруыздар техникада пайдаланылады. Мысалы, оларға табиғи жібек, жүн, тері т.б. нәруыздар жатады.

Гемоглабин Хлорофилл




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет