Физикалық қасиеттері


- сурет. Нәруыздардың қызметі



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#117431
1   2   3
Байланысты:
Нәруыздардың қасиеттері. Ферменттер

29 - сурет. Нәруыздардың қызметі

11-сынып. 1-бөлім. V-тарау Тірі организм. §25. Ферменттердің маңызы мен қолданылуы (92-95 бет)




Ферменттер (лат. fermentum - ашытқы) (энзимдер) - тірі организмдердегі өршіткі қызметін атқаратын нәруыздар. Екі термин (энзим және фермент) синонимдер болып табылады. Барлық тіршілік иелерінің, тіпті ең қарапайым денелердің организмдерінде ферменттер кездеседі. Әр тіршілік иесінің қоректену рационына байланысты олардағы ферменттердің саны да әртүрлі болады. Мысалы, адамдар әртүрлі тағамдармен қоректенетіндіктен оларда шамамен 2000-нан астам ферменттердің түрі бар. Асқорыту, тыныс алу, жүректің жиырылуы, мидағы ойлау процестерінің ешқайсысы ферментсіз жүзеге аса алмайды. Сонымен қатар ферменттер қабыну процестерін азайтып, иммунитетті жақсартады, ДНК синтезіне қатысады.
Адам организмі жасушалардан тұрады, ферменттердің әсерінен олардағы тіршілік тәуліктегі 24 сағат бойы үздіксіз жүріп жатады.
Ферменттер немесе энзимдер деп тірі организмдердің тіршілігін қамтамасыз ететін реакциядарды жылдамдататын нәруыздардан түзілген органикалық өршіткілерді айтады. Химиялық тұрғыдан ферменттер тірі жасушаларда түзілетін нәруыз молекулалары. Ферменттер кұрамына қарай қарапайым және күрделі болады. Аминқышқылдарының тізбегінен түзілген ферменттер қарапайым ферменттер деп аталады.
Ал құрамы аминқышқылдарынан баска нәруызға жатпайтын әртурлі заттардан тұратын ферменттер күрделі деп саналады. Күрделі фермент кұрамындағы нәруызга жатпайтын кұрамбөлігін В тобының дәрумендері, С дәрумені мен көптеген микроэлементтер құрайды. Нәруыздың осындай кіші молекулалы құрамбөлігі коферменттер деп аталады. Коферменттердің ферменттерден ерекшелігі - олар организмде синтезделмейді, оған тағаммен бірге түседі.
Ферменттердің құрамы

Ферменттер



Қарапайым

Нәруызды құрауыш

Күрделі



Нәруызды құрауыш
+
нәруызды емес бөлігі кофермент
+

Ферменттердің молекулалық массасы 104-нен бастап 1010-не дейін немесе одан көп болуы мүмкін. Көбіне молекулалық массасы 20-60 мың болатын ферменттер кездеседі. Фермент молекуласының өлшемі 105 дәрежесінен 107 дәрежесі аралығында болады, яғни олар коллоидті бөлшектер болып табылады. Әр ферменттің түзілуіне жүзден миллионға дейін аминқышқылдары жұмсалады және тізбек жіпке тізген маржанды елестетеді. Бірақ тізбек түзу болмайды, шамамен жуздеген есе бүктелген, әр ферментке сәйкес үшөлшемді кұрылым түзеді.



Ферменттің үшөлшемді құрлымы

Әр фермент бір ғана реакцияны немесе бір типті реакцияларды жылдамдатады. Олардың бұл ерекшелігі талдағыштық әсері деп аталады. Жасушадағы ферменттердің мол жиынтыгы нәруыз, май, көмірсу молекулаларын кіші фрагмент - мономерлерге (аминқышқылдары, глицерин, май қышқылдары, моносахарид т.б.) ыдыратады және олардың кейбіреулері организм талабына сәйкес нәруыздар мен басқа зат молекулаларын қайтадан синтездейді. Кейбір реакциялар ферменттердің әсерінен 1015 есе жылдамдайды.


Басқа өршіткілер 200-500°С температура аймағында жұмыс істесе, ферменттердің катализдік әсері шамамен температураға дейін сақталады, ал 70°С температурада мүлдем жойылады. Сондықтан ферменттер өршіткілердің ерекше түріне жатады.
Өте төмен немесе өте жогары температурада ферменттердің тіршілігі жойылады, нәтижесінде алмасу реакциялары, яғни тіршілік тоқтайды. Ферменттер субстратка ерітінді ортасның, яғни рН-тың белгілі бір мәнінде тиімді әсер етеді. Мысалы, асқазан сөліндегі пепсин ферменті рН = 1,5-2, ал кандары каталаза рН =7 болғанда белсенді. Қанымыздың ортасы осындай. Ферменттер жұмысының бұзылуынан оның мәні +0,4-ке немесе - 0,4-ке өзгерсе организмге зиянды әсер етуі мүмкін. Демек, ферменттер - өте маңызды және ең керекті заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет