Қолданылуы. Адамзат ферменттерді тұрмыста алғаш рет осыдан 5000 жыл бұрын пайдаланды. Ата-бабаларымыз сүтті жануарлардың асқазанынан жасалған ыдыста сақтады. Нәтижесінде сүт ферменттердің әсерінен ірімшікке айналды. Ферменттер нан пісіру, сыра кайнату, шарап жасау, шай, былгары мен тері ендіруде, ірімшік жасауда, етті ендеуде кенінен колданылады.Әсіресе ферменттердің тамақ өнеркәсібінде маңызы ерекше. Қамырдың ашып, көтерілуі ферменттердің есерінен болады. Қышқыл сүт өнімдерін, мысалы, айран өндіру лактозаның сүт қышқылына айналу реакциясына негізделген. Протеазалар былғары шикізатын өндеуде колданылады. Оның нәруыздарды гидролиздеу қабілетін тұздықтар, шоколад, қан дақтарын кетіруге пайдаланады. Целлюлоза ферментін кір жуғыш ұнтактарга қосады. Ол маталардың бетіне сіңіп қалған дақтарды кетіреді. Медицинада ферменттерді пайдалану олардың жарақаттарды емдеу, тромбтарды еріту қабілетіне негізделген. Кейде организмдердің белсенділігін арттыру үшін ферменттер енгізеді немесе керісінше ферменттердің беленділігін төмендету үшін арнайы тежегіштер енгізіледі. Мысалы, арнайы тежегіштер бактериялардың көбеюі мен өсуін тоқтатады.