Дүниежүзілік шаруашылық Әлемдегі әр елдің тарихи ұзақ уақыт аралығында қалыптасып, дамыған ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы: Дүниежүзілік шаруашылық
Дүниежүзілік шаруашылықтың түбегейлі қалыптасқан уақыты: ХІХ ғ. аяғы мен ХХғ. басы
Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде, Жапонияда бірінші өнеркәсіптік төңкеріс болды: ХІХ ғасырда
Бірінші өнеркәсіптік төңкеріске жатқызуға болады: тас көмір, болат өндірісі, теміржолдардың дамуы
Дүниежүзілік алғашқы ірі өнеркәсіптік аудандар қалыптасты: Рур (ГФР), Лотарингия (Франция), Пенсильвания (АҚШ), Ланкашир (Ұлыбритания) , т.б.
Екінші өнеркәсіптік төңкеріс болды: ХІХ ғ. Соңы мен ХХ ғасырдың басында
Екінші өнеркәсіптік төңкеріске жатқызуға болады: машина жасау, электр энергетикасының дамуы, химия өнеркәсібінің дамуын
Ең алғашқы СЭС-тар ГФР-дегі Неккар өзенінде, Солтүстік Америкадағы Ниагара өзенінде салынды: ХІХ ғ. соңында
Адамзат тарихындағы ең алғашқы метро пайдалануға берілді: 1863 жылы Лондон қаласында
Ең алғашқы каналдар іске қосылды: Суэц каналы 1869 жылы, Панама каналы 1914 жылы
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі Жекелеген елдердің өнімінің белгілі бір түрін өндіруге және қызмет көрсетудің белгілі бір түріне мамандануын атайды: халықаралық географиялық еңбек бөлінісі
Жапонияның халықаралық маманданған саласы: автомобиль жасау
Канаданың халықаралық маманданған саласы: астық шаруашылығы
Ғылыми-техникалық революция Ғылыми-техникалық революция басталды: ХХ ғ. ІІ жартысында
Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) дегеніміз: қысқа уақыт аралығында ғылым мен техниканың даму нәтижесінде қоғамның дамудың жаңа сатысына көтерілуіне себепші болған төңкеріс
ҒТР-дың ХІХ ғ. жетістігі: бу машиналары
ХХғ. 50 жылдарындағы ҒТР-дың символы: электронды есептеуші машина, ғарыш кемесі, атом бомбасы, теледидар
Дамыған елдерде ҒТР-дың қазіргі тармағы дүниеге келді: ХХғ. 80-90 жылдарында
ҒТР-дың 4 құрамдас бөлігі: техника мен технология, өндіріс, басқару, ғылым
Ғылыми қызметкерлер мен ғылыми-зерттеу институтының саны жөнінен көзге түстетін елдер: АҚШ, Жапония, ГФР
Ғылымды көп қажет ететін өнімдерді сыртқа шығарудан басымдылыққа ие елдер: АҚШ, Жапония, Ресей, Болгария, Франция, т.б.
ҒТР-дың негізгі белгілері: 1. Мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптардың жоғарлығы, 2. Өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі